Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жоба жеңімпаздары анықталды

Жоба жеңімпаздары анықталды

«Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында ұйымдастырылып келеді. Игі бастама аясында қолға алынған маңызды шара биыл Сыр елінде екінші рет өтті. Облыстық кезеңде 24 оқушы «Едіге батыр» жырын жатқа айтудан өзара бақ сынады. Қызылорда қаласындағы Достық үйінде өткен сайысты облыстық білім басқармасы, «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы, «Qazaq Epos» қоғамдық қоры ұйымдастырған болатын. Онда «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ләйлә Төрешова және облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова жас өскіндерге сенім артты.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес Білім және ғылым министрлігі «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. Жоба аясында аймақ мектептеріндегі кітапханалардың жағдайы жақсарып, жас жеткіншектердің көркем әдебиетке, қазақ ақын-жазушыларының классикалық шығармаларына қызығушылығын оятатын тағылымды шаралар қолға алынуда. «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының да мақсаты – ел тағдырын биік қойған ерлік дастандармен оқушыларды сусындату, кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру. Қала және аудандардағы іріктеулерден үздік атанып, облыстық кезеңде бақ сынағалы тұрған 24 өренге сәттілік тілеймін, – деді Ақзира Бақтыбайқызы.
Шарада дарынды оқушылар «Едіге батыр» жырын жатқа, мәнерлеп, нақышына келтіре айтуы міндеттелді. Жырды толық жаттауы ескерілді. Ережеге сай талапкерлер қосымша мектеп бағдарламасы бойынша қазақ әдебиеті пәнінен сұрақтарға жауап берді. «Алпамыс» дастанынан басталған жоба өткен жылы көлемді «Қобыланды батыр» жырына жалғасты.
Биыл байқауға «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ләйлә Төрешова, облыстық білім басқармасы басшысы Ақзира Қасымова, облыстық партия филиалы жанындағы «Miras» аймақтық қоғамдық кеңес мүшесі Қаршыға Есімсейітова қазылық етті. Сондай-ақ олардың қатарында аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығының директоры Уәлихан Ибраев, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті Ұлжан Жаңбыршиева, Қармақшы аудандық «Жыраулар үйі» директорының орынбасары Бидас Рүстембеков, облыстық Жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Мақсат Дауылбай да болды.
Тартысқа толы кезеңде оқушылар жеребе бойынша 12 жұпқа бөлніп, сайысқа түсті. Қорытынды бойынша тұғыр төрінен қазалылық Гауһар Әзен көрінді. Оның ізінен ілесе екінші орынды жерлесіміз Гүлназ Жеңісбек қанжығалады. Аралдан келген Қарақат Берікқызы үшінші орынды жеңіп алды.
Дүбірлі додада жүлдегерлерді құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Балжан Шәменова жүрекжарды лебізін жеткізді.
– «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы шоқтығы биік, мағынасы зор шаралардың бірі. Міне, облыстық кезеңнің марапаттау сәті де жетті. Республикалық деңгейде ұйымдастырылған жобаға ел аймақтары ішінде Қызылорда облысының әкімдігі айрықша қолдау көрсетті. Сыр өңірі елдікті, отансүйгіштікті насихаттауға, жастарды рухани дүниемен сусындатуға бейжай қараған емес.
Бала тәрбиелеуде батырлар жырын оқыту қолға алынып, қайта жаңғыртылуы игі бастама. Біз тек атадан қалған сырлы сөздермен тәрбиеленіп, саналы түрде жаңғырамыз, – деді Б.Шәменова.
Осы айтулы жарыстың басы-қасында үйлестіріп жүрген «Qazaq Epos» қоғамдық қорының облыстағы жетекшісі Дәурен Омаров өнерлі балалардың сайысы әділ өткендігін жеткізді.
– «Тұлпар мініп, ту алған» байқауының Қызылорда облыстық кезеңін аяқтадық. Жеңімпаздар анықталды. Бұра тарту болған жоқ деп толық сеніммен айта аламын. Ағарту жобасына қолдау білдірген «Nur Otan» партиясына, облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ләйлә Төрешова, орынбасары Алтынбек Жарылқасынов, облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова, «Дарын» орталығының директоры Айжан Қиянбекова және «Nur Otan» партиясының аудандық-қалалық филиалдарына, аудандық-қалалық білім бөлімдеріне алғысым шексіз. БАҚ-та, әлеуметтік желілерде ұлттық жобаны ақпараттандыруға атсалысқан әріптестеріме де рахмет айтамын.
Берері мол байқау ары қарай жалғасын таба берсін. Жыр жаттаған өрендерден ерлік те, өрлік те шығады. Елінің нағыз патриоттары болады деп сенемін, – деді Дәурен Сейітжанұлы.
Қатысушыларды марапаттап қаржылай сыйақы «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ләйлә Төрешова, облыс әкімінің орынбасары Балжан Шәменова табыстады.
Атап айтқанда, үздік шыққан бірінші орынға – 750 000 теңге, екіншіге – 350 000, үшінші орын үшін 200 000 теңге берілді. Облыстық деңгейдегі жеңімпаз оқушылардың жетекшілері ақшалай көтермеленді. Тұғыр иесі – 1 500 000 теңге, екінші орынға – 700 000, үшінші орынды еншілеген оқушының мұғаліміне 400 000 теңге ұсынылды.
Айта кетейік, байқаудың аудандық-қалалық кезеңіне 713 оқушы қатысып, солардың арасынан іріктеліп шыққан 24 оқушы облыстық кезеңге жолдама алған.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
13 қараша 2021 ж. 443 0

Ел өзегі – мемлекеттік тіл

24 желтоқсан 2024 ж. 28

Өнегелі өмір өрнегі

24 желтоқсан 2024 ж. 32

Басты мақсат – халық игілігі

24 желтоқсан 2024 ж. 29

ЖАРҚЫРА, ШЫРША ШАМДАРЫ!

24 желтоқсан 2024 ж. 28

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031