Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемде көлік тапшылығы туындауы мүмкін: Сарапшылар болжам жасады

Әлемде көлік тапшылығы туындауы мүмкін: Сарапшылар болжам жасады

"Известие" басылымында сауалнамадан өткен мамандар магний жетіспеушілігіне байланысты әлемде көлік тапшылығы туындауы мүмкін екенін айтты. Магний көлік өндірісіндегі негізгі шикізат болып отыр және басым бөлігі Қытайда өндіріледі. Мамандар Қытайдағы жаңа экологиялық саясаттың бұл мәселеге тікелей байланысы бар екенін алға тартады, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.

2021 жылдың күзінен бастап Қытайдағы кейбір провинцияларда өндірістік кәсіпорындарға жаңа талаптар қоя бастады. Осылайша олар қолданылатын экологиялық емес көмір мөлшерін азайтуға тырысқан. Үкімет бірінші кезекте электр қуатын өндірушілерге баса назар аударып отыр. Осының салдарынан электр қуатын тасымалдауда кідірістер туындады. 
Жаңа саясат магний өндірісіне де кері әсерін тигізді. Олар тұтынушыларға жеткізілетін магний мөлшерін азайтқан. Сонымен қатар әлемдік магний өндірісінің 90% және Еуроодаққа тасымалданатын металдың 95%-ы Қытайға тиесілі. Қазірдің өзінде алюминий өндірушілері магний жетіспеушілігі жайлы мәлімдеген. 
Бұдан бөлек Қытайдағы жаңа саясат еуропалық және әлемдік автокөлік нарығына кері әсерін тигізуі ықтимал. Автоөндірушілердің еуропалық ассоциациясы болжамына сүйенсек, аймақтағы магний қоры қарашаның соңына қарай таусылуы мүмкін. Мұның салдарынан өндіріс тоқтап, зауыттардың жабылуына әкеліп соғады дейді мамандар. Сонымен қатар қымбат көліктерге арналған қосалқы бөлшектер нарығында тапшылық байқалуы күтіледі. 
Соңғы айда әлемдік автокөлік өндірісінде микросхемалардың жетіспеушілігі туралы хабарланған еді. Мұның бірнеше себебі бар. Олар: микросхемалардың жеткізілмеуі, пандемияға байланысты өндірістің тоқтауы, криптовалюта майнерлері арасында сұраныстың артуы. 
15 қараша 2021 ж. 417 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031