Конституция
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде 2022 жылдан бастап электромобильдер өндіріледі

Елімізде 2022 жылдан бастап электромобильдер өндіріледі

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті.
Оның айтуынша, елімізде 2025 жылға қарай 72 ірі кәсіпорын, оның ішінде 66 металлургия, 3  химия және 3  цемент зауытын салу жоспарлануда.
Ол кәсіпорындар бойынша кешенді экологиялық сараптама жүргізіледі. Ең озық, қолжетімді технологияларды қолданып және белгіленген барлық экологиялық талаптарды сақтай отырып, олардың құрылысы қамтамасыз етіледі, -дейді министр. 
Экологиялық таза көлік өндірісін дамытуға келсек, отандық кәсіпорындарда - Саран және Алматы қалаларында YUTONG және Golden Dragon электр автобустары және Қостанай қаласында JAC iEV7s электромобилі өндіріле бастады.
Бұдан басқа, 2022 жылдан бастап Hyundai Ioniq электромобильдері, сондай-ақ 2023 жылдан бастап KIA EV6 өндірісі басталады, - деді Қайырбек Өскенбаев.
Сонымен қатар , электромобильдер мен электр автобустары инфрақұрылымын құру үшін Нұр-Сұлтан, Алматы және Павлодар қалаларында 110 электр зарядтау станциялары орнатылды.
Электр тартымды автомобильдерді сатып алуды ынталандыру үшін Қазақстанда электромобильдердің иелері көлік салығын төлеуден босатылды, -деді ол.
              baq.kz
04 қараша 2021 ж. 723 0

Бейнет һәм құрмет

27 маусым 2026 ж. 62

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930