Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қымбаттамаған не қалды?

Қымбаттамаған не қалды?

Аудан әкімдігінде су тарифін көтеруге ­байланысты өткен жиында депутаттардың қойған сауалы – бұл. Облыстық энергетика және тұрғын үй шаруашылығы басқармасының басшысы Ерлан Ералыұлы бұған өзі де қымсынатынын жасырмады. Судың бағасын талқылауға емес, түсіндіруге келгенін ашық айтты. Өйткені шешім күшіне еніп үлгерген.
Судан құрғайтын аудан болса, ол – Қазалы. Оның үстіне қуаңшылық, құрғақ ауа райы жұрттың қитығына тиіп-ақ тұр. Соған қарамастан, ендігі уақытта күніне бір адам тіршілік нәрін 140 литрден асырып пайдаланса, бұрынғыдай 30 теңгеден емес, екі еселенген көлемде ақы төлейтін болады. Қазір ештеңе емес, мыңдаған адам мұның залалын көктем мен жазда анық байқайды.
Басқарма өкілдері тұрғындардың мал, монша, жоңышқа үшін ­ауызсуды пайдаланатынына наразы. Соның салдарынан облыс субсидия бөлуді тоқтатқан. Ауызсу шығыны еселенген. Ал суды жеткізушілер есесін халықтан алғалы отыр. Осы тұста жауаптылар қазалылықтар аяқсуды қайдан алады деген мәселеге бас ауыртпайтыны байқалды.
Ресми өкілдің сөзіне сенсек, Қазалы ауданы, оның ішінде кент пен қала тұрғындары басқа аудандарға қарағанда ауызсуды 25 процентке, ауылдағы ағайын 15 процентке көбірек пайдаланады. Облыстық мәслихат депутаты осы статистикаға шүйлікті.
– Дариядан ондаған шақырым қашықтықта жатқан құдықтар суалып, мал қырылып жатқанда, ең құрығанда үйдегі бақша мен бірен-саран мал ұстап отырғандарды бұлай қинауға бола ма?! Ал жақсы, осы кезге дейін қайда жүрдіңіздер? Екі айдан кейін менен ауызсу үшін екі есе ақша сұрасаңыз, қарсы шығар едім. Ертең ауыл тұрғындары: «қайдағы лимитті айтып тұрсың?» деп ауыл әкімдігіне шағымданады. Ендігі мәселенің алдын алу қиын. Сұрауы әкімнен, кейін бізден болады. Алдағы уақытта су бағасы қайта өседі деп отырсыздар. Бұл облыстық мәслихатта басты мәселе ретінде қаралады. Ал сіздер лимитті көбейтуге, бағаны тұрақтандыруға жұмыс істеңіздер, – деді Ибайдулла Тілеп.
Бірінен-бірін тізбектеген қымбатшылық ауызсуды да жайына қалдырмағаны көңіл қынжылтады. Оның үстіне табаны кеуіп отырған жердің ерекшелігін ескермеу, тиісті басқармаға, керек десеңіз министрлікке сын. Ал Қазалы ауданы әкімдігінің мұндағы ауызсу мәселесін шешуге әлі жең түре кіріспегені тұрғындар наразылығын, билікке деген жағымсыз көзқарасты еселей түсері анық.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ

30 қазан 2021 ж. 308 0

Ел өзегі – мемлекеттік тіл

24 желтоқсан 2024 ж. 59

Өнегелі өмір өрнегі

24 желтоқсан 2024 ж. 59

Басты мақсат – халық игілігі

24 желтоқсан 2024 ж. 49

ЖАРҚЫРА, ШЫРША ШАМДАРЫ!

24 желтоқсан 2024 ж. 59

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031