Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Күзде қазақстандық оқушылар қанша күн демалады

Күзде қазақстандық оқушылар қанша күн демалады

Қазақстандық білім беру ұйымдарында бірінші тоқсан аяқталды. Күзгі демалыс 1 қарашадан басталып, 7 қарашаға дейін жалғасады, деп хабарлайды 24.kz.
Екінші тоқсанды білім алушылар 8 қараша күні дәстүрлі форматта бастайды. Бірінші тоқсандағы білім беру процесі де офлайн режимде өтті. «Өткен жылы орын алған пандемия мен онлайн оқыту салдарынан бірінші тоқсанда оқушылардың білімі бойынша диагностика жүргізіліп,  білімдегі олқылықтарды жою әрі орнын толтыру аясында жұмыстар жүзеге асырылды.
Барлық негізгі пән бойынша күрделі тақырыптар анықталып, оларды игеруге жеке уақыт бөлінді. Балалар мен олардың ата-аналарының қалауы бойынша 62 мыңнан астам оқушы үшін жекелеген оқу пәндері бойынша сабақтар ұйымдастырылды», – деді ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.
Айта кетейік, бірінші тоқсанда Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Түркістан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы оқушылардың 100%-ға жуығы дәстүрлі форматта білім алды. Бірінші тоқсанның соңында оқушылардың жалпы санының 0,04%-ы коронавирус жұқтырған. Бірінші тоқсанда жалпы сыныптар санының 6%-ы карантинге жіберілді. Жаңа оқу жылында 7 мыңнан астам мектепте 3,6 млн бала оқиды. Биыл 394 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш рет аттады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 19 мыңға көп.
29 қазан 2021 ж. 481 0

Алматыда жер сілкінісі болды

22 желтоқсан 2025 ж. 170

Бүгінге валюта бағамы қандай

22 желтоқсан 2025 ж. 161

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031