Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектептерде карантин талаптары қалай сақталып жатыр?

Мектептерде карантин талаптары қалай сақталып жатыр?

Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова білім беру ордаларындағы карантин талаптары қалай сақталып жатқаны туралы баяндап берді.
Айта кетейік, еліміздің білім беру ұйымдарында COVID-19 індетінің таралуына жол бермеу жөнінде шектеу іс-шаралары кезеңінде оқу процесінің форматы ВАК-тың шешімімен және эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулыларымен айқындалады.
Жаңа оқу жылында оқу процесі қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, дәстүрлі форматта ұйымдастырылды. Осы жылы 7 мыңнан астам мектепте 3,6 млн-ға жуық оқушы білім алып жатыр. Оның ішінде 86%-ы дәстүрлі форматта, 70/30 қағидаты бойынша 11,8%-ы аралас форматта, 0,6%-ы ата-ананың өтініші бойынша қашықтан оқытылды және сырқаттанғандармен байланыста болған оқушылар қашықтан оқыды, - деді комитет басшысы.Жазғы демалыс кезеңімен салыстырғанда қазіргі таңда ауырған балалар саны әлдеқайда төмен. Сол себепті барлық білім беру ұйымында термометрия, дезинфекциялық іс-шаралар қатаң бақылауда болуы керек. Оқушылар сыныпқа бекітілген кабинетте «бір сынып – бір оқушы» қағидаты бойынша оқиды. Бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларын барынша бөлуді қамтамасыз етуді ескере отырып, сабақтар арасында үзілістер, қосымша ауысымдар мен кіші ауысымдар, медициналық кабинеттердің жұмыс істеуі, термометрия, жуу және дезинфекциялық құралдар мен ылғалды жинау қарастырылған, - деп атап өтті Гүлмира Кәрімова.
                                baq.kz
12 қазан 2021 ж. 359 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031