Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: Қоғамда анаға деген құрметті өте жоғары қоюымыз керек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысып, бірқатар мәлімдеме жасады.
«Отбасылық жанжалға аса мән беру керек»
Президент отбасылық жанжал ұлттық сипатқа ұласпауы керегін айтты.
“Статистика бойынша Түркістан облысында түрлі тұрмыстық жанжал аз емес. Шорнақ, Қарабұлақта болған оқиғалар туралы айтылды. Тұрмыстық деңгейде болса да, дәл осындай жағдайларға аса мән беру керек. Ең алдымен, мұндай оқиғалар ұлттық сипатқа ұласпауы қажет”, – деді Тоқаев.
Сонымен қатар ол Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевке өңірде “Достық үйін” ашуды тапсырды.
«Балаларды бір тілмен шектемеу керек»
Тоқаев қазақстандық мектеп түлектері қоғамға еніп, бәсекеге қабілетті болуы керегін мәлімдеді.
«Ол үшін мемлекеттік, ұлттық және орыс тілін де білу керек. Жалпы, біздің балаларымыз әртүрлі тілді қаншалықты көп білсе, соғұрлым олар үшін жақсы болады.
Оларды тек бір тілмен шектеудің қажеті жоқ. Осылайша, әрекет ете отырып, біз олардың болашақ дамуы мен интеграциясын іс жүзінде шектейміз. Ақыр соңында оларды жарқын болашаққа деген перспективадан айырамыз», – деді Тоқаев.
Президент Білім және ғылым министрлігі бүкіл әлемдегі көптілділік тәжірибесін мұқият зерттеп, оны Қазақстанға көшіруі тиіс екенін айтты.
«Ескертемін»
Қасым-Жомарт Тоқаев барлық облыс пен қала әкіміне «Аналар кеңесінің» жұмысына жан-жақты көмектесуді тапсырып, заңсыз ереуіл ұйымдастыратын көпбалалы аналар туралы айтты.
«Шын мәнінде ана дегеніміз – отбасының ұйықтысы. Ананың орны ерекше. Мұны бәріміз білеміз. Сондықтан қоғамда анаға деген құрметті өте жоғары қоюымыз керек. Аналар да қоғам алдында өз жауапкершілігін терең сезінуі керек. Кейбір көп балалы ана заңсыз ереуілге шығып, айғай-шу көтеріп, қоғамдық тәртіпті бұзып жатыр.
Масылдық – қоғамдық әрі саяси өзекті мәселе. Біз бейбіт жиын туралы жақсы заң шығардық, кім не айтса да, бұл демократия жолында өте маңызды қадам. Ешкім бейбіт жиынға кедергі болмайды. Бәрі жазылған, ресми рұқсат алудың да керегі жоқ. Тек ескерту арқылы жиын өткізу қажет. Кей тұрғынымыз заң бұзуға болады деп ойлайды. Мұндай әрекеттерге құқықтық баға берілетінін ескертемін», – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы Бас прокаратураға тұрғындарға бұл заңды түсіндіру бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды. Ал құқық қорғау органдарына қоғамдағы тәртіпті сақтау керегін айтты.
«Жалған ақпараттар жаман жолға жетелейді»
Сонымен қатар Тоқаев балалар мен жастарды зиянды ақпараттан қорғауға мемлекет қана емес, қоғам да күресуі керек деп мәлімдеді.
«Интернеттегі заңсыз контенттер барлық елдер үшін өте өзекті болып отыр. Жағымсыз, жалған ақпараттар жастарды жаман жолға жетелейді. Бұл үрдіске қарсы тұру процесіне тек мемлекет қана қатыспауы тиіс. Мемлекет, менің ойымша, бұл мәселені шешуде басты атқарады. Бірақ бұған бүкіл қоғам қатысуы керек, өйткені бұл біздің еліміздің болашағы туралы», – деді Тоқаев ҚХА отырысында.
Оның айтуынша, бұған бұқаралық спортты дамыту көмектеседі.
«Бос уақыты көп балалардың қажетсіз нәрселерге көңіл бөлетінін байқаймыз. Ата-аналар әрқашан балалардың мектептен тыс мінез-құлқын қадағалай алмайды. Мұғалімдердің де мұндай мүмкіндігі жоқ. Осылай балалардан айырыламыз. Сондықтан бұқаралық балалар спортын дамытайық. Облыс басшыларының, әкімдердің, соның ішінде тиісті өңірлерде бұқаралық балалар спортын дамыту жөніндегі жұмысын бағалаймыз», – деп уәде берді Президент.
«Жастар негізінен TikTok және Instagram-да отырады, бұл өмір шындығы»
Президент TikTok пен Instagram-дағы жобаларды қолдады. Оның айтуынша, балалар бос уақыты көп болғандықтан қажетсіз нәрселерге алаңдайды. Ал ата-ана мен мұғалімдер оларды әрдайым қадағалай алмайды. Ол елімізде жаппай балалар спортын дамытуға, сондай-ақ балалар театрларын ашуға шақырды.
«Балалар арасында таланттар көп. Жезқазғанда балалардың домбырада ойнағанын көрдім, оларға қолдау көрсету керек. Сіздің «Біздің өлке тарихы» TikTok жобасына қатысты ұсынысыңызды қолдаймын. Бұл – жақсы жоба. Қазір жастар негізінен TikTok және Instagram-да отырады, бұл өмір шындығы. Осы шындыққа сәйкес, балалардың көңіл-күйіне, мәдениетіне және тәрбиесіне оң әсер етейік», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
TikTok жобасын құру идеясын Ақмола облысының поляк этномәдени бірлестігінің төрағасы Наталья Нагачевская ұсынды. Оның пікірінше, жоба «интернетті қажетті және пайдалы бағытқа бағыттауға» көмектеседі.
«Арандатушыларға аяушылық болмайды»
Тоқаев мемлекет Қазақстандағы ұлтаралық қақтығыстарды арандатушыларға аяушылық болмайтынын айтты.
«Әлемдік тәжірибе этникалық топтардың ықшам резиденциясы олардың әлеуметтік-мәдени оқшаулануына ықпал ететінін көрсетеді. Бұл этникалық анклавтардың, мәдени, тілдік кедергілердің пайда болуына, ұлтаралық шиеленістің ұлғаюына, тіпті қақтығыстар туындауына әкеледі», – деді Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысында Тоқаев.
Әлемдегі тәжірибені ескере отырып, Тоқаев Қазақстанның ауылдық жерлері мен қалаларында жабық, этникалық аймақтар мен кварталдардың қалыптасуының теріс тенденциясын жою үшін жүйелік шараларды әзірлеуді тапсырды.
«Бірқатар өңірде этникалық топ өкілдерінде ішкі көші-қон феномені байқалады. Мұндай тенденция этникалық топтардың қазақстандық қоғамға толық интеграциялануына кедергі келтіруі мүмкін. Менің ойымша, мұндай маңызды мәселелерді ашық талқылау керек», – деді Мемлекет басшысы.
Тоқаевтың айтуынша, аймақтық даму проблемалары ең алдымен этнодемография саласындағы келісімге қол жеткізудің айрықша маңыздылығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс.
«Бұл адами әлеует сапасын дәйекті жақсартумен байланысты. Мемлекет этникалық топтардың әлеуметтік-экономикалық интеграциялану саясатын мақсатты түрде жүргізетінін және олардың шиеленісуіне жол бермеу үшін осы негізде кез келген қақтығысты басатындығын атап өткім келеді. Мұндай қақтығыстар зиян арандатушылардың ісі екенін жақсы білеміз. Біз дәл осындай арандатушылармен күресеміз және оған аяушылық болмайды», – деп қорытындылады Тоқаев.
«Қазақстан үшін аса маңызды тарихи белес»
«Тәуелсіздігіміздің мерейтойы – Қазақстан үшін аса маңызды тарихи белес. Біз осы жылдарда тұғыры мығым, қуатты мемлекет құрдық. Экономикамызды өркендеттік. Халықтың әл-ауқатын арттырдық. Мұның бәріне берекелі бірлігіміз арқылы қол жеткіздік», – деді Тоқаев.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы бірқатар мәселені көтерді:
Әлеуметтік, қылмыстық, тұрмыстық жанжалдардың алдын алу;
Қазақстан халқы ассамблеясын одан әрі дамыту;
Ассамблеяның ақпараттық жұмысын тиімді жүргізу;
Мәдениеттер диалогы, бүкілұлттық азаматтық патриотизмді арттыру;
Этносаралық татулықты сақтау, мемлекет арандатушыларға жаза қолданады.
Жергілікті атқарушы органдар жұмыстарының тиімділігін арттыру. «Барлық деңгейдегі әкімдер ұсынымдарды сапалы орындауға тиіс», – деді Тоқаев.
Tengrinews.kz