Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауызбіршілігі мол Ақсуат

Ауызбіршілігі мол Ақсуат

Ауыл – исі қазақтың қарашаңырағы, түп-тамыры. Береке мен бірліктің нышанына баланатын елді мекендегі еңселі істер ескеріліп, туған жерге тағзым ету үшін төл перзенттердің бас қосқаны қандай көрікті көрініс...
Осы мақсатта бүгін Ақсуат ауылында «Тәуелсіздік тұғырым» атты іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты шараға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, облыстық мәслихат хатшысы Мнажадин Өтеев пен аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап қатысты.
Жаңадан салынған ауылдық клубта өткен шарада аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тұрғындарды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, ізгі лебізін жеткізді. Сонымен қатар, бірлігі мен ынтымағы, достығы жарасқан, қарттары қазыналы, жастары жалынды ауыл халқы ғана мұндай игілікті шараны ұйымдастыра алатынын тілге тиек етті.
Мұнан соң ауылдағы шараны өз деңгейінде өтуіне атсалысқан азаматтар аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Мерекелік шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, әннен шашу шалды.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев спорттық сайыста жеңімпаз атанып, жүлдегерлер қатарынан көрінген азаматтарды марапаттады.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
17 қазан 2021 ж. 920 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 134

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 125

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031