Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Харекеттің" қайырымдылығы

"Харекеттің" қайырымдылығы

Қызылорда облысы бойынша «Харекет» қорының 17-ші баспанасының кілті қазалылық көпбалалы анаға табысталды. Бұл Сыр өңіріндегі «Харекет» қайырымдылық қорының Қазалы ауданындағы белсене атсалысып жүрген еріктілерінің ұйымдастыруымен жүзеге асқан болатын. Ішінде барлық жағдайы жасалған кең әрі сәулетті үйдің кілті Қазалы қаласының тұрғыны, Жұлдыз Сералиеваға бұйырды. Ол мүмкіндігі шектеулі жұбайы Жәнібекпен бірге 3 ұл, 3 қыз тәрбиелеуде.

– Жұбайымның денсаулығы жұмысқа жарамағандықтан тапсырыс бойынша үй ішін жөндеп, тазалаумен айналысамын. Той-томалақта қазан асамын. Сондай-ақ әр бала өз несібесімен дүниеге келеді деген рас. Осыларға мемлекеттің жәрдемақысын уақытылы алып тұрмын. Соның арқасында күнделікті азық-түлігім мен балаларға киім алып беремін. Бәрін есептеп жеткізуге тырысамын. Тек баспана алуға қауқарым жетпей жүрген. 9 жылдан аса пәтер жалдап тұрып келеміз. Бірақ ешуақытта мойыған емеспін. Әйтеуір бір күні баспаналы болатыныма үміт артып жүрдім. Бірнәрсені қатты қаласаң, ол орындалатынына көзім жетті. Неше жылғы арманым “Харекет” қорының мүшелері мен қазалылық ерікті жастардың қолдауымен іске асқанда айрықша қуандым. Мен үшін күтпеген сәт болды. Ішкі сезімімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Мендей баспанаға мұқтаж отбасылардың алғысына бөленген азаматтарға шексіз ризашылығымды жеткіземін. Ізгілікке толы істері тоқтамай жалғасын тапсын. Әрбір қазақтың төбесінде өз үйі болуына тілегім зор, – дейді көпбалалы ана Жұлдыз Әбенқызы.
Бұл ретте Жастар ресурстық орталығының басшысы Асылхан Дәрібаев: “Бір қазаққа бар қазақ бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып мүмкіндігіміз жеткенше көмек қолын созуды тоқтатпаймыз”, – дейді. Ал ерікті ретінде “Харекет” қорына көмек беріп жүрген Айдос Әмірханұлы ауданда мұндай баспанасыз 10-нан аса отбасы бар екенін алға тартты. Оның айтуынша, қор атынан жиналған қаражатқа үйді 3 кезең бойынша табыстайды. Бірінші кезеңге 5 баладан жоғары отбасындағы жалғызбасты анаға. Екіншісі толық отбасы 8 баладан жоғары шаңырақ иелеріне. Үшінші кезеңге сай бала саны 3 асыраушысы немесе бір баланың мүмкіндігі шектеулі болған жағдайда іріктеліп, зерделеніп беріледі.
Айта кету керек, бұдан бұрын алғашқы болып Әйтеке би кентінің тұрғыны Гүлмира Жолмаховаға “Харекет” қорының 5 бөлмелі баспанасы табысталған болатын. Осы күні ол марқұм болған күйеуі Саматтың орнын жоқтатпай жалғыз өзі 6 баланы тәрбиелеп отыр.
Олай болса қаншама жанның армандарының орындалуына әрбір азамат себепкер болуға ұмтылса, нұр үстіне нұр болар еді.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
29 шілде 2020 ж. 1 025 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930