Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Telegram-ға бірнеше сағатта 50 миллионнан астам адам тіркелді

Telegram-ға бірнеше сағатта 50 миллионнан астам адам тіркелді

Telegram мессенджеріне бірнеше сағаттың ішінде 50 миллионнан астам қолданушы тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz RT агенттігіне сілтеме жасап.
TGStat аналитикалық қызметінің жетекшісі Юрий Кижикин соңғы уақытта бүкіл әлемдегі әлеуметтік желілер жұмысының жаһандық бұзылуы аясында Telegram мессенджеріндегі жаңа қолданушылар санының күрт артқанын айтты.

"Біздің есебіміз бойынша, Telegram-ға бірнеше сағат ішінде 50 миллионнан астам жаңа қолданушы тіркелді", - деді Кижикин.

Еске салайық, Facebook, Instagram және WhatsApp желілері әлем бойынша істен шыққан еді. Downdetector сервисінің мәліметінше, бұл әлем бойынша байқалған ақау. Әлеуметтік желілердегі ақаулар туралы Қазақстан, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Израиль, Аргентина, Италия, Германия, Иран және басқа елдердің пайдаланушылары хабарлап жатыр.

Ақау туралы алғашқы хабарламалар Нұр-Сұлтан уақытымен 21.34-тен кейін пайда бола бастады
05 қазан 2021 ж. 327 0

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 56

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 36

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 61

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 73

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031