Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Цукерберг Facebook-тегі жаңа өзгерістер туралы айтып берді

Цукерберг Facebook-тегі жаңа өзгерістер туралы айтып берді

Марк Цукерберг Facebook-тегі жаңалықтар таспасында бүгіннен бастап қандай өзгерістер болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Адамдар бізге үнемі Facebook-те жергілікті жердің жаңалықтарын көргісі келетінін жазады. Олардың айтуынша, жергілікті өңір жаңалықтары айналадағы проблемалардан, өмірге әсер ететін жағдайлар туралы хабардар етеді. Сол себепті бүгіннен бастап біз сіздің тұрғылықты өңіріңізге қатысты жаңалықтарды лентадан көбірек көрсететін боламыз», - дейді Цукерберг хабарламасында.Оның айтуынша, Facebook-тегі өзгерістер алдымен АҚШ-та жүзеге асырылса, жыл соңына дейін басқа да елдерде іске аспақ.

Еске сала кетсек, бұған дейін Цукерберг әлеуметтік желі қолданушыларының туыстары мен достарының жарияланымы желіде жиі көрініп, жаңалықтар мен хабарламалар сирек көрінетінін айтқан болатын.
30 қаңтар 2018 ж. 1 173 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 105

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930