Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тіл жанашырлары марапатталды

Тіл жанашырлары марапатталды

Сәрсенбіде аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті.
Шарада аудан әкімі Мұхтар Оразбаев көпшілікті тіл мерекесімен құттықтап, тәуелсіз елдің тұғырын биіктетер мемлекеттік тілді дамытудағы игі істер туралы айтты.
Мұнан соң аудандағы бірқатар тіл жанашырлары облыс әкімі, облыс әкімінің орынбасары, облыстық ішкі саясат басқармасы және аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Басқосуда аудандағы тіл жанашырлары, аймақтық «Тұран-Қазалы» газеті бас редакторының орынбасары Раушанбек Сейтенов, М.Горький атындағы №16 мектеп-лицейінің мұғалімі, «Бірлік-Единство этномәдени» қоғамдық келісім бірлестігінің мүшесі Нафиса Жұма, Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығының мұғалімі Лаура Әлібекова өздерінің ой-пікірлерін айтып, құттықтау сөз сөйледі.
Тіл мерекесін өнер саңлақтары жандандыра түсті. Бақытбек Мәкеев «Тіл туралы толғаныс» атты арнау өлеңін нақышына келтіріп оқып берсе, аудандық мәдениет орталығының өнерпаздары «Анамның тілі» әнін әуелете шырқады.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
11 қыркүйек 2021 ж. 681 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 142

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031