Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Этномәдени бірлестік өкілдері бас қосты

Этномәдени бірлестік өкілдері бас қосты

Қазалы ауданында этномәдени бірлестік өкілдері бас қосып, ауданда атқарылатын жұмыстың жоспарларымен танысты.

Басқосуда аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов Қазақстан достықтың мекені екенін атап өтіп, бір ғана Қазалы ауданының өзінде 13 ұлттың өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатқандығын жеткізді. Сондай-ақ, бірнеше интернационал жанұялардың бар екенін тілге тиек етті.

Мұнан соң Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай ауданда өткізілетін шараларды талқылады.

Кездесуге келген «Бірлік-Единство» этномәдени қоғамдық келісім бірлестігінің төрайымы Нафиса Жұма мен бірлестік мүшесі, №16 М.Горький атындағы мектеп-лицей мұғалімі Галина Шамина түрлі шаралардың ұлтаралық достық пен татулыққа бастайтынын атап өтті. Оған қоса жергілікті тұрғындардың өзге этнос өкілдерінің салт-дәстүрлеріне ерекше құрметпен қарайтындығын сөз етті. Осы тұста олар қиын-қыстау кезеңде қолындағы барымен бөліскен қазақ халқына әрдайым алғыстары шексіз екендіктерін жеткізді.

Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары алдағы уақытта да еркін форматта осындай басқосудың жиі ұйымдастырылатынын баса айтты.
syrboyi.kz
12 ақпан 2020 ж. 737 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 89

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930