Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 14 қыркүйекте Apple жаңа гаджеттерін таныстырады

14 қыркүйекте Apple жаңа гаджеттерін таныстырады

Төрт жаңа iPhone сатылымға шығарылады. Apple 14 қыркүйекте жаңа гаджеттерін таныстырады, деп хабарлайды Inbusiness.kz компанияның мәлімдемесіне сілтеме жасап.
  Тұсаукесер онлайн форматта өтеді. Трансляция компанияның Купертинодағы штаб-пәтерінен жүргізіледі. Ол Apple-дің веб-сайтында, компанияның YouTube-тегі арнасында және Apple TV қосымшасы арқылы көрсетіледі. Apple төрт жаңа iPhone-ды шығаруды жоспарлап отыр. Жаңа смартфондардың көлемі өткен жылы жарық көрген iPhone 12 гаджетінікімен бірдей болады.Бірақ биылғысы жетілдірілген камералармен жабдықталады. Сондай-ақ оларға A15 процессорлары қондырылады. Бұған дейін корпорация болашақ iPhone модельдеріне ұялы желілерді қамтымайтын аймақтарда жерсерік арқылы хабарламалар жіберу және төтенше жағдайларда қоңырау шалу мүмкіндігін қосуға ниетті екенін хабарлаған еді.  Bloomberg агенттігінің дерегінше, жаңа гаджеттердің барлығы 14 қыркүйектегі тұсаукесер кезінде таныстырылмауы мүмкін. Өйткені Apple әдетте күзде бірнеше презентация өткізеді. Мысалы, өткен жылы компания екі айда үш тұсаукесер ұйымдастырған болатын.

08 қыркүйек 2021 ж. 665 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031