Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғындардың талп-тілегін тыңдады

Тұрғындардың талп-тілегін тыңдады

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жеке қабылдауда көтерілген мәселеге байланысты Роза Бағланова көшесіне арнайы барып, тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады.
Тұрғындардың айтуынша, өткен жылы аталған көшеге асфальттау жұмыстары жүргізілген. Десе де осы көшенің шығысына қарай тротуар мен аяқ су арықтары қаралмаған. Бұл мәселелер көшенің батысына қарай шешімін тапқан. Атап айтар болсақ, Әйтеке би көшесінен теміржол өткеліне қарай тротуар да, аяқ су арықтары да бар. Осыған орай бұл мәселе оңтайлы шешілсе деген ойларын жеткізді.
Көше тұрғындары сондай-ақ, Р.Бағланова мен М.Жұмабаев көшесі қиылысына жол кедергісін орнатып беру жөнінде де ұсыныстарын айтты. Себебі осы жер арқылы Желтоқсан көшесіндегі 2 мектепке оқушылар қатынайды. Олардың жолдан өтуі автокөліктердің көптігінен жиі қиындық туғызады.
Тұрғындардың өтініш-тілектерін мұқият тыңдаған аудан әкімі Мұхтар Оразбаев халықтың ұсыныс-тілектері назардан тыс қалмайтынын жеткізді.
– Тротуар мәселесін келесі жылдың бюджетінен қарастыратын боламыз. Себебі биылғы бюджеттің қаржысы жылдың басында бекітіліп кетті. Ал, аяқ су мен жол кедергісін салу жөніндегі мәселені тиісті салаларымен бірге зерттеп, заңдылығын қарастырайық. Біз заңсыз ештеңе істей алмаймыз. Барлығы заң аясында жүзеге асуы қажет, – деді аудан басшысы.
Сондай-ақ, электр бағаналары мен телефон желісі, тазалыққа қатысты айтылған мәселелерді тиісті мекеме басшыларына назарға алып, жұмыс істеуге шақырды.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

05 қыркүйек 2021 ж. 490 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 83

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930