Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел үшін жаңа екпе

Ел үшін жаңа екпе

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте халықты жаппай вакцинациялау мәселесі қаралды.
Жиында аудан басшысы індетті тоқтатудың бірден-бір жолы – екпе алу екендігін атап өтті.
– Қазалы ауданында вакцинациялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінде аудан халқының 72 проценті вакцина алған. Дегенмен, Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласында және Көларық, Шәкен ауылдық округтерінде көрсеткіш төмен. Эпидемиологиялық ахуалдың күрделілігіне қарамастан тұрғындар мерекелік жиын мен той-томалақ өткізуді тоқтатар емес. Жаңа оқу жылында балалар мектепке барып оқитын болады. Сондықтан вакцинациялау жұмыстарына ерекше мән беру қажет. Себебі індетті тоқтатудың ғылыми дәлелденген жолы – екпе алу, – деді Мұхтар Әуесұлы.
Сондай-ақ қазіргі таңда ауданға 1600 доза «Sinovac» вакцинасы әкелініп, бөлініске сәйкес аумақтарға жеткізілгенін тілге тиек етті. Вакцина алуға ниетті азаматтар тұрғылықты жері бойынша емдеу мекемелеріне жүгінсе болады.
Аудандағы эпидемиологиялық ахуалдың күрделілігіне байланысты ауылдық округ әкімдері басқосуға онлайн қатысты.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат

21 тамыз 2021 ж. 666 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031