Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 6 айда әуе компаниялары 4 млн-ға жуық жолаушы тасымалдаған

6 айда әуе компаниялары 4 млн-ға жуық жолаушы тасымалдаған

Биыл әуе компаниялардың қызметін 9 млн-нан аса адам пайдалануы мүмкін. 2021 жылғы бірінші жартыжылдықта (қаңтар-маусым) қазақстандық әуе компаниялар 4 млн-ға жуық жолаушыны тасымалдаған, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, биыл 6 айда отандық әуе компаниялар 3 млн 973 мың 150 жолаушыға қызмет көрсеткен. «Оның ішінде ішкі желілерде 3 млн 488 мың 675 жолаушы, халықаралық желілерде 484 мың 475 жолаушы тасымалданған. Өткен жылы COVID-19 пандемиясына байланысты жолаушылар ағынының айтарлықтай төмендеуі байқалды. 2020 жылғы 12 айда қазақстандық әуе компаниялар 5 млн 260 мың 14 жолаушыны тасымалдады. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 27%-ға төмен», - деп жазылған хабарламада. Отандық әуе компаниялардың (Air Astana, Scat, Qazaq Air, FlyArystan) болжамы бойынша осы жылдың соңында жолаушылар саны 9 млн 93 мың 22-ге өсуі тиіс. «Оның ішінде (2021 жылы) Air Astana әуе компаниясы – 3 млн 482 мың 790 жолаушы, Scat компаниясы – 1 млн 569 мың 410 жолаушы, Qazaq Air әуе компаниясы – 575 мың 996 жолаушы, нарыққа жақында кірген FlyArystan әуе компаниясы 3 млн 464 мың 826 жолаушы тасымалдауды жоспарлап отыр. Осылайша, биыл жолаушылар ағынының саны 2019 жылғы көрсеткіштен (7 млн 227 мың 127 жолаушы) асатын болады», - деп жазылған хабарламада.
02 тамыз 2021 ж. 500 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 46

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930