Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан бауырлас түрік халқына көмек көрсетуге дайын - Тоқаев

Қазақстан бауырлас түрік халқына көмек көрсетуге дайын - Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға жеделхат жолдап, Түркияда бұрын-соңды болмаған өртке байланысты көңіл білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook -те жазды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияда болған алапат өрт салдарынан елдің экономикасы мен туристік базасына орасан зор шығын келгеніне және азаматтардың денсаулығына ауыр зардабын тигізгеніне байланысты Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға ниеттестік білдірген жеделхатын жолдады.

Қазақстан Президенті өз жеделхатында бауырлас түрік халқына гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін атап өтіп, Президент Режеп Тайип Ердоғанға елдегі табиғат апатына қарсы күресте сәттілік тіледі.

Айта кетсек, аптаның басында тұтанған Түркияның оңтүстігіндегі орман өрті ауыздықталмай жатыр. Қызыл жалын алты провинцияға қанат жайған. Алдын ала деректер бойынша, алты адам көз жұмып, 400-ден аса адам зардап шеккен.

01 тамыз 2021 ж. 604 0

Тағзым мен тағылым

20 мамыр 2025 ж. 301

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031