Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Азия чемпионы Қали Рүстемовты қабылдады

Аудан әкімі Азия чемпионы Қали Рүстемовты қабылдады

Жуырда ғана қазалылық Қали Рүстемов гір көтеру спортынан Өзбекстан елінің астанасы Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанды. Осылайша Әйтеке би кентіндегі №266 мектеп-лицейдің мұғалімі ардагерлер арасындағы Азия чемпионатынан алтын медаль иеленіп, көк туымызды желбіретті.
Жеңіспен оралған жерлесімізді бүгін аудан әкімі Мұрат Ергешбаев қабылдап, құттықтады.
Чемпионмен кездесу барысында Мұрат Нәлқожаұлы ауданның спорт саласындағы жетістігі тағы бір алтын медальмен толыққанын, бұл жеңістің күшті рух пен үздіксіз шынығу және үлкен еңбектің арқасында келгенін атап өтті.
Айта кетейік, Қали Рүстемұлы 2006 жылдан бастап Қазалы ауданы бойынша гир спортынан аға жаттықтырушы болып еңбек етеді. Бүгінгі күнге дейін қол жеткізген жетістіктері де жетерлік. Сауалауатты өмір салтын ұстанып, жанына спортты серік еткен ұстаздың өз жеңістерінен бөлек, шәкірттері де біршама биік белестерді бағындырған. Мәселен, Нұрлан Ерекенов, Сәбит Аяпов, Жандәулет Өндіреев, Аманжол Бердиев гір спортынан, Мәметек Өтепбергенов қол күресінен облыстық, республикалық жарыстарда топ жарған.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
23 мамыр 2021 ж. 736 0

Жан азығы

26 сәуір 2025 ж. 140

Шығыны аз, өнімді іс

26 сәуір 2025 ж. 142

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930