Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
istockphoto«Қазгидромет» еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
12 қыркүйекте Алматы, түнде Ақтөбе, Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.









