Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сақтық – өмір салты

Сақтық – өмір салты

Аудан тұрғындары карантин талаптарымен өмір сүруге бейімделді. Бірақ қоғамдық орындарға барған әрбір азамат бетперде тағып, санитарлық талаптарды ұстануы шарт. Осыған сәйкес Қазалы ауданы әкімдігінің жанынан құрылған мониторингтік топ Әйтеке би кентіндегі кәсіпорындар, сауда және қызмет көрсету орындарындағы санитарлық нормалардың сақталуын бақылап қайтты. Рейд барысында орталық базар мен дүкендер, көпшілік орындар тексерілген.
Аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев бастаған арнаулы топ сақтық шараларының орындалу барысын тексеріп қана қоймай, көпшілік орындарда түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен бірге қала ішіндегі қоғамдық көлік жолаушыларына арақашықтықты сақтаудың маңыздылығы мен ауру ахуалы туралы әңгіме қозғалды.
Тексеріс кезінде мониторингтік топты көрген кейбір кәсіпкерлер бетперде іздеп кетті. Мұны байқаған аудан әкімінің орынбасары: «Өңір сары аймақ қатарына қосылғанын білесіздер. Бұл – сіз бен біздің сақтыққа селсоқ қарауымыздың салдары. Ең алдымен үйдегі кішкентайларыңыз үшін бетперде тағыңыз. Жақын облыстар қауіптілігі жоғары қызыл аймаққа қосылып жатыр. Біздің “қап” деп қалмауымыз адамдармен көп араласатын сіздерге де байланысты», – деді.
Мониторингтік топ жыл басынан бастап халық көп шоғырланатын базар, қоғамдық орындарды аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүргені мәлім. Алайда, аудан ішінде көпшілік жиын, той өткізушілердің қатары азаймай отыр. Нәтижесінде жыл басынан бері карантин талаптарын сақтамаған 21 тұлғаға айыппұл салынған.

Дина БӨКЕБАЙ
20 сәуір 2021 ж. 1 518 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 33

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 32

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 33

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 33

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 38

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031