Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жайбарақаттылық жарға жықпасын

Жайбарақаттылық жарға жықпасын

Бүгін Қазалы ауданы әкімдігінің жанынан құрылған мониторингтік топ Әйтеке би кентіндегі сауда және қызмет көрсету орындарының санитарлық жағдайын тексерді. Пандемия кезінде кәсіпкерлер бас санитар дәрігердің талаптарын орындап жатыр ма, осыған ерекше мән берілді.

Аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев бастаған арнаулы топ сақтық шараларының орындалу жайын қарап қана қоймай, түсіндіру жұмыстарын да жүргізді. Олар орталық базар мен бірнеше дүкендерді аралады. Сондай-ақ, қоғамдық көліктердегі жолаушыларға да санитарлық талаптарды сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Рейд барысында бас санитар дәрігердің қаулысын елемеген тұрғындарға мониторингтік топ тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тәртіп бұзушылықтар орын алса құзырлы органдар тарапынан заңға сәйкес шаралар көрілетіні айтылды.
Айта кетейік, мониторингтік топ жыл басынан бастап халық көп шоғырланатын базар, қызмет көрсету орындары, тағы басқа жерлерді аралап, жұртшылықтың арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Соған қарамастан көпшілік жиын өткізушілердің қатары азаймай отыр. Нәтижесінде жыл басынан бері карантин талаптарын сақтамаған 21 тұлғаға айыппұл салынған.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

18 сәуір 2021 ж. 1 592 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30