Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Той жасаған тұрғындар жазаланды

Той жасаған тұрғындар жазаланды

Қазалы ауданында эпидемиологиялық ахуалдың күрделене түсуіне қарамастан, көпшілік жиналатан той-жиындар өткізушілердің қатары азаяр емес. Жұқпалы індеттің адам өміріне төндіретін қаупі туралы теледидардан да, баспасөз беттерінде де күн сайын көрсетіліп, жазылып та жатыр. Тіпті аудан көлемінде вирус жұқтырғандардың саны күн сайын өсіп жатқаны туралы ақпарат та біздің жерлестерімізді ойландырмауда.

Жақында мониторингтік топ мүшелері жүргізген рейд барысында карантин режимін бұзу фактісі анықталды. Атап айтар болсақ, Әйтеке би кентінде 2 тұрғын өз ауласында той жасап, көпшіліктің жиналуына себепші болған. Осыған орай Т.Бөріқұлақов пен Ә.Тыныбаев көшелерінде той жасаған тұрғындарға заңдылыққа сәйкес айыппұлдар салынды.
Айта кетейік, дәл осындай тексеру шаралары ауданда эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін күн сайын жалғасады.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

18 сәуір 2021 ж. 1 497 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031