Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақтың танымал ақыны Есенғали Раушанов көз жұмды

Қазақтың танымал ақыны Есенғали Раушанов көз жұмды

Қазақтың танымал ақыны Есенғали Раушанов көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы қаза туралы ақын Ақберген Елгезек желідегі парақшасында мәлім етті. 
"Қадірлі ағайын! Қазақтың аса көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушановтан айырылып қалдық. Алла алдынан жарылқасын. Асыл рухы бейіштің төрінде шалқысын", - деп жазды Ақберген Елгезек. 
Есенғали Әбдіжаппарұлы 1957 жылы 5 қазанда Қарақалпақстанда Хожелы қаласында дүниеге келген. 1976 — 1980 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын Өзбекстанның Жызақ облысы Мырзашөл ауданындағы "Достық" газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып бастаған. Ол "Жалын", "Арай", "Зерде"  журналында, "Жазушы" баспасында қызмет етті. 
Алғашқы жыр жинағы "Бастау" деген атпен 1980 жылында жарық көрді. Кейін ұлт бостандығы, туған дала тарихы туралы жазылған. "Келінтөбе", "Шолпан жұлдыз туғанша", "Ғайша бибі", "Қара бауыр қасқалдақ" атты жыр кітаптары жарық көрген.

16 сәуір 2021 ж. 2 302 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 130

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 125

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 111

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 108

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 114

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 106

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031