Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қалқаман Сарин жаңа қызметке тағайындалды

Қалқаман Сарин жаңа қызметке тағайындалды

Белгілі ақын Қалқаман Сарин Өскемен қаласының мәдениет, ішкі саясат, және тілдерді дамыту бөлімін басқаратын болады. Бұл туралы Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
1998 жылы Евразия ұлттық университетін "Тарих" мамандығы бойынша тәмәмдаған. 2014 жылы аталмыш оқу орнының магистратурасын аяқтап, гуманитарлық ғылымдардың магистрі атанған. Еңбек жолын ұстаздықтан бастап, 1998 жылдан 2008 жылға дейін Қазақ Ұлттық Музыка академиясында оқытушылық қызмет атқарған. 2008-2018 жылдар аралығында Евразия ұлттық университетінде оқытушы және ректордың кеңесшісі болып еңбек етті. 2018-2019 жылдары "Шалқар" ұлттық радиосының директоры қызметін атқарған. ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын Қалқаман Сарин шығармашылықта да мол табысқа қол жеткізген. Халықаралық "Шабыт" фестивалінің лауреаты. "Алтын қалам" әдеби сыйлығының жеңімпазы. ҚР Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті – Елбасы Қоры сыйлығының лауареаты.  
qamshy.kz
12 желтоқсан 2019 ж. 1 119 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031