Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдар жөнделеді

Жолдар жөнделеді

Биыл Кәукей ауылына баратын автомобиль жолының құрылыс жұмыстары бітіп, халық игілігіне беріледі. Сондай-ақ, Әйтеке би кентінен 5 көше, Қазалы қаласынан 10 көшені асфальтталады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев мәлімдеді.
– Аудан, ауыл арасындағы жолдар мен елді мекендегі көшелердің жағдайы едәуір дұрысталып келеді. Мәселен өткен жылы аудандық маңызы бар 60 шақырым және елді мекендердегі 70 көше жөнделді. Бұған қоса, 2020 жылдың желтоқсан айында қала мен кенттің екі аралығындағы жолды кеңейту жұмыстары басталды. Ал биыл «Қарлаң» көпірінен Қожабақыға және Қазалы қаласы мен «Әлсейіт» көпіріне дейінгі жолдардың да жұмысы аяқталады. Амандық болса, шалғайдағы ауыл тұрғындары асфальт жолмен жүретін күн де алыс емес. Басықара мен Абай елді мекенінің аралығындағы 20 км жолды жөндеу жұмыстарын жалғастыруға облыстық бюджеттен 306 млн. теңге қаржы қаралды, – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Әйтеке би кентінен 18 көшені асфальтталады. Қазір аудандағы автомобиль жолдарының қанағаттанарлық көрсеткіші 75,6 пайызды құрайды. Жыл соңына дейін 85,2 пайызға жеткізу көзделіп отыр.
syrboyi.kz
15 наурыз 2021 ж. 2 808 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 42

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031