Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Олжалы Олжас

Олжалы Олжас

Грек-рим күресінен спорт шебері Олжас Сырлыбай Италиядағы Рим қаласында Олимпиада алдындағы іріктеу жарысында үшінші орынды қанжығасына байлады. Оның сайысқа түскен 97 салмақтағы 15 адам арасынан суырылып шығуының өзі аудан үшін зор мақтаныш. Онда қарсыласы түрік палуанын жекпе-жекте тізе бүктірді.
№17 Қазалы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің тәрбиеленушісі Олжас Мейрамбекұлы спортқа 12 жасында бет бұрды. Ол мектеп қабырғасында белсенді әрі сабақ үлгірімі де жақсы болған. Бұған дейін Моңғолияның Улан-Батор қаласында Азия чемпионы атанды. Қазақстан және халықаралық турнирлерде бірнеше дүркін чемпионы болып, жүлделі орындарды иемденді.
Сапарбек Көбегеновтің айтуынша, осы кезге дейін жиырмадан аса чемпионды тәрбиелеп шыққан.
– Бүгінде Олжасты ұлым Қанат екеуміз жаттықтыру үстіндеміз. Өмірлік тәжірибемдегі қажетті әдіс-тәсілдерді үйретіп жүрміз. Уақытылы тынбай күш-қуатты арттыратын жаттығуларды жасаймыз. Тәрбиеленушім қажетті дәрумендерді қабылдап, ағзаның тынық болуы қадағалануда, – дейді жаттықтырушы.
Қазір Қазақстан құрамасының толық мүшесі. Онымен қатар, жерлестерден: Бағдат Үсенов пен Еламан Аюп та өнер көрсетуде. Қазалылық палуан Олжастың арман-мақсаты жетерлік. Дегенмен ең бастысы, әлемдік додада жеңімпаз атанып, ел байрағын желбірету.
Айта кеткен жөн, бұйырса осы жылдың 7 сәуірінен бастап Алматыда ұйымдастырылатын Азия чемпионаты Олимпиадаға іріктеу жарысына қатыспақ. Жаттықтырушы Сапарбек Көбегеновтың айтуынша, лицензиясы дұрыс болса, Олимпиадада бақ сынамақ.

Айнұр ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ
13 наурыз 2021 ж. 3 023 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031