Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қазақ халқына шексіз ризамыз"

"Қазақ халқына шексіз ризамыз"

Алғыс айту күніне арналған мерекелік шара Қазалы қаласында да өтті. Қалалық мәдениет үйінде ұйымдастырылған басқосуға Қазалы қаласы мен Жалаңтөс батыр, Басықара ауылдарында тұратын түрлі этнос өкілдері қатысты.

Мерекелік шарада аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков пен аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап құттықтау сөз сөйлеп, Тәуелсіздіктің 30 жылында қол жеткізген жетістіктеріне елімізді мекендеген түрлі этнос өкілдерінің де зор үлесі бар екендігін жеткізді.
Сондай-ақ, осы шарада «Бірлік-Единство» этномәдени қоғамдық келісім бірлестігінің төрайымы Нафиса Жұма ауданның этнос өкілдері атынан шынайы алғысын айтып, қиын уақытта қол ұшын созған қазақ халқына шексіз риза екендіктерін жеткізді.
Алғыс айту күніне орай өткен шарада Қазалы қаласының тұрғындары аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

02 наурыз 2021 ж. 2 437 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30