Қазалы қаласындағы 10 көше қайта жаңғыртудан өтеді

– Жөнделетін көшелердің барлығы да бұрын асфальттанбаған және әлеуметтік нысандарға баратын жолдар екен. Бұл әрине өте орынды. Жеңімпаз мекемелер анықталған соң жұмыстардың сапалы орындалуына қатты мән беру керек, – деген аудан басшысы Бөлекбаев көшесін де асфальттау қажеттігін айтты.
Қала әкімі Рахметулла Ізтілеу Бөлекбаев көшесінің келесі жылы асфальталатын жолдардың қатарында бар екенін айтты. Сондай-ақ, көне аурухана ауласындағы кедергілерді алып, екі жақтағы Бұлақбаев көшесін қосу жөнінде ұсыныс тастады.
Аудан басшысы мұндай мәселелер жергілікті қоғамдастықтың жиналысында талқыланып, халықтың қолдауымен атқарылу қажет екендігін айтты. Егер тұрғындар бұл ұсынысты қолдаса, осы көшені жөндеуден үнемделген қаржының есебінен атқарылу қажеттігін айтты.