Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев қайта сайланған Португалия президентін құттықтады

Тоқаев қайта сайланған Португалия президентін құттықтады

Мемлекет басшысы Португалия Республикасының қайта сайланған Президенті Марселу Ребелу де Соузаны құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қасым Жомарт-Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан Марселу Ребелу де Соузаны Португалия Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, жеделхат жолдады.
Сайлаудағы жеңісіңіз – халқыңыздың Сізге және Португалияның саяси-экономикалық тұрақтылығы мен оның халықаралық беделін нығайтуға бағытталған сарабдал саясатыңызға деген сенімінің айқын дәлелі екені сөзсіз. Осы тұста Сіздің қажырлы еңбегіңіз еліңізді бүгінгіден де биік белестер мен тың табыстарға жетелей беруіне тілектестігімді білдіремін. Қазақстан мен Португалия арасындағы дәстүрлі достық пен мазмұнды саяси диалогты, әлеуеті жоғары сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты одан әрі дамыту мақсатында Сізбен бірге күш-жігер жұмылдыратынымызға сенімім мол, – делінген жеделхатта.
Сонымен қатар Президент Португалия Республикасының Еуропалық Одақ Кеңесіндегі жақында басталған төрағалығына толағай табыс тілеп, Қазақстан мен ЕО арасындағы Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім негізіндегі жан-жақты байланыстардың өрістей түсетініне зор үміт артатынын атап өтті.
baq.kz
27 қаңтар 2021 ж. 2 506 0

Бәрі бала болашағы үшін

12 сәуір 2025 ж. 169

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930