Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы Садыр Жапаровты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Садыр Жапаровты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының жаңадан сайланған Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты сайлаудағы жеңісімен құттықтап, дауыс беру нәтижесі ол ұсынған Қырғызстанның әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуын қамтамасыз ету және мемлекеттілігін одан әрі нығайту бағдарламасы бүкілхалықтық қолдауға ие болғанының куәсі екенін атап өтті.
Қазақстан Президенті бауырлас Қырғызстанмен арадағы ынтымақтастықты екі ел халқының мүддесіне сәйкес достық, тату көршілік және стратегиялық әріптестік рухында одан әрі дамыта беруге бейілді екенін нақтылады.
Садыр Жапаров Қырғыз Республикасының тұрақты әрі байыпты дамуға бағытталған ұмтылысын үнемі қолдап келе жатқан Мемлекет басшысы мен Қазақстан халқына алғыс айтты.
Президенттер екіжақты байланыстардың күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендерін, сондай-ақ, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі іс-қимылдарды арттыруға ниеттілігін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. Қырғыз басшысы шақыруды қабыл алып, Президент ретіндегі алғашқы сапарын Қазақстаннан бастайтынын айтты. Сонымен қатар ол Мемлекет басшысын Парламент сайлауының сәтті өтуімен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровқа бауырлас Қырғызстан халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс тіледі.
11 қаңтар 2021 ж. 2 335 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031