Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үміткерлер үй аралап, үгіт жүргізуде

Үміткерлер үй аралап, үгіт жүргізуде

"Nur Otan" партиясы атынан Мәжіліс депутаттығына үміткер Геннадий Шиповских пен аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер Гүлдәрі Иманалиева үй аралап үгіт жүргізді.
Кандидаттар Қазалы ауданындағы 300 тұрғыны бар Қ.Пірімов ауылында болып, сайлаушыларға партия жұмыстарын насихаттады.
Насихат барысында кандидаттар ардагерлердің үйінде және көп балалы отбасыларда болды.
"Партия-халықтың партиясы. Сондықтан әрбір тұрғынның ұсыныс-тілегі мен талабы біз үшін маңызды. Партия өзінің алдағы 5 жылға жоспарлаған бағдарламасында барлық саланы толық қамтып отыр. Оның ішінде ауылды дамытуға арналған тың жоспарлар да бар. Сіздердің сенімдеріңіз бізге серпін беріп, жоспарлардың жүйелі орындалуына негіз болары сөзсіз"-деді үміткер Геннадий Геннадиевич.
Кездесу барысында 84 жасқа келіп отырған ауылшаруашылық саласының ардагері Бекділдә қария үміткерлерге ақ батасын беріп, ел-халықтың тілеуін тілейтінін жеткізді.
14 желтоқсан 2020 ж. 2 046 0

Алтынның құны тағы көтерілді

12 желтоқсан 2025 ж. 120

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031