Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тарихи туындылар тізбегі

Тарихи туындылар тізбегі

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өз қызметі кезеңіндегі маңызды деген және оқырманның қызығушылығын тудырған кітаптары баршылық. Жаңа мемлекетті қалыптастырушы тұлғаның саяси қызметі мен өмір жолы, тарихи құбылыстарға толы жаңашыл реформалары жарық көрген туындыларды назарға ұсынуды жөн көрдік.
Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы «Қазақстан жолы» – ел қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттерін баяндайды. Тоғыз тараудың әрқайсысы, тәуелсіз жас мемлекеттің қалыптасу жолындағы айшықты қадамдарын ашып көрсетеді. Бұл – Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын жасау жөніндегі жұмыс, мұнай-газ ресурстарын игеруді бастау, ұлттық валютаны енгізу және табысты банк жүйесін құру туралы жазылған еңбек. Жекелеген тарауларда жекешелендіру мен жер реформасын жүргізу үрдісі әңгімеленеді. Елорданы Астанаға көшіру және Қазақстан азаматының тұңғыш ғарышқа ұшуы айтылады. Кітап Тұңғыш Президенттің ел жастарына арнаған үндеуі түрінде ойластырылған. Автор бұл кітап Қазақстан көшбасшыларының жаңа буын үшін қолдан түсірмейтін құралға айналатынына сенеді.
«Тарих тағылымдары және қазіргі заман» Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің бес жылдығына арналған салтанатты жиналыста жасалған баяндама.
«Жүз жылға татитын он жыл» – Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің он жылдығына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзі.
«Қазақстан халықтарының Ассамблеясы. 10 жыл» Қазақстан халықтары Ассамблеясының 1-10 сессияларындағы баяндамалары жинағы.
«Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» айқын мақсатсыз адам да, билік жүргізуші құрылым да, қоғам да өмір сүре алмайды. Саналы мұратсыз асқақ армансыз өмір сүретін адамдарды ұсақ, тоғышарлық мүдде, бір сәттік жеке бастың материалдық пайдасын ойлау стихиясы сөзсіз арбап алады.
«Сындарлы он жыл» – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты, жаһандану, есірткі бизнесі, қауіпсіздік, Каспий аймағы, халықаралық құқық, жікшілдік саласында соңғы 10 жылда әлемде және Қазақстан Республикасында болған жағдайлары мен өзгерістері туралы айтады.
«Тарих толқынында» – кітапта автор өткеннің кейбір іргелі сабақтарына жүгіне отырып, қазақ халқының тарихи жолы туралы ой толғайды, рухани мұраны дамыту мәселесіне тоқталады.
«Тәуелсіздік белестері» – бoлашаққа қoл жeткізіп, мұратын іскe асыруға жәрдeмдeсe алады-ау дeгeн сeнім ұялататын стратeгия ұсынылған.
«Ғаламдық қоғамдастықты түбегейлі жаңарту стратегиясы және өркениеттер серіктестігі» – «Постиндустриялық қоғамды қалыптастыру стратегиясы және өркениеттер серіктестігі» атты алдыңғы басылымында бастау алған қоғамның постиндустриялық даму мәселелерін ғылыми зерттеуінің жалғасы болып табылады.
«Ғасырлар тоғысында» – бұл кітап өз көзімізбен көргенімізді, өз басымыздан кешкенімізді, жүздес-сұхбаттас болған тұлғалардың мінездемелерін қамтығанымен, мемуар жанрына жатпайды. Егер бізге салса, бұл шығарманың жанрын «болашақ жайлы естелік» деп санаған орынды сияқты. Әрине бір-біріне көпе-көрінеу кереғар ұғымдардан тұратын бұл сөз тізбегіне біз атымен басқаша мағына беріп отырмыз. Адамдар, әдетте, өткеннің мәніне ертеңнің тұрғысынан үңіліп түсінеді. Біз оқырмандарымыздың мәселенің байыбына басқаша тұрғыдан зер салғанын қалар едік. Өйткені сөз болатын гәптер белгілі бір нақты кезеңде, сол кезеңнің ағымдағы саясатының арнасында, белгілі бір ретпен жүзеге асқандығы даусыз. Бұл кітаптың мақсаты – расында да, болмыстарынан бедерлі жаратылған саяси ықпалдастарымыздың бейнелерін жарқыратып сомдап шығу емес. Біздің көздегеніміз – кешегі кеңестік үрдіс құлағаннан бергі кезеңде кездескен саяси мәселелердің күрделі табиғатына оқырмандарымызды өз көзімен үңілдіріп, тұжырым жасауына көмектесу.
«Қазақстан халқының азаматтық таңдауы – тарихи зерде, ұлттық татулық және демократиялық реформалар» Қазақстан халықтары ассамблеясының IV сессиясындағы баяндама, Ақмола, 1997 жылғы 6 маусым.
Тұңғыш Президенттің бұдан басқа «Еуразия жүрегінде», «Ой бөлістім халқыммен», «Өзекжарды ойлар», «Бейбітшілік кіндігі», «Туған елім – тірегім», «Қазақстан-Ресей қатынастары», «Қалың елім, қазағым», «Қазақстан халқының азаматтық таңдауы – тарихи зерде, ұлттық татулық және демократиялық реформалар», «Тәуелсіздігіміздің бас жылы», «Реформаларды түбегейлендіру, жалпыұлттық келісім арқылы – жаңарған Қазақстанға», «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы», «Әділеттің ақ жолы» және тағы да басқа кітаптары жарық көрген.

Дайындаған
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

01 желтоқсан 2020 ж. 1 593 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031