Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » QR код арқылы ХҚО жұмысын әділ бағалауға болады

QR код арқылы ХҚО жұмысын әділ бағалауға болады

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы QR кодын пайдалана отырып, халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысының сапасын бағалау жүйесін іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz

Келушілер оның көмегімен қызмет көрсету процесі, мәдениеті және бөлімнің инфрақұрылымы сияқты жәйттер бойынша өз пікірлерін қалдыра алады. Бүгінде 500-ден астам азамат бұл тәсілді қолданып, халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің жұмыс сапасын бағалап үлгерді.
Қызмет алушылар еліміздегі 339 бөлімде, соның ішінде Алматыдағы 15 бөлімде QR коды орнатылған стендтерді таба алады. QR кодты оқып-танитын қосымшаны пайдалану арқылы клиенттер смартфондағы сауалнама парағына бірден өтеді. Азаматтар онда оператордың жұмысына көңілі толғанын, қызметті алу ыңғайлы болған/болмағанын, қажет ақпаратты ала алғанын айтып бере алады. Сонымен қатар қызмет алушыларөздерінің тілек-пікірлерін фронт-офис фотосуретін немесе бейнесін жүктеу арқылы да білдіре алады.
Аталған кері байланыс келушілердің мемлекеттік корпорацияның қызметі туралы пікірін білу және олардың қанағаттану деңгейін анықтау үшін қажет. Сондай-ақ, сауалнама нәтижелері бөлімдердегі кемшіліктерді анықтауға және оларды жедел жоюға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, сауалнама сұрақтарына мемлекеттік корпорациясының gov4c.kz ресми интернет-ресурсындағы«Кері байланыс» бөліміне өту арқылы да жауап беруге болады.

10 қараша 2020 ж. 520 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 23

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930