Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдын ала жазылу арқылы қызмет көрсетіледі

Алдын ала жазылу арқылы қызмет көрсетіледі

Қызылорда облысында Халыққа қызмет көрсету орталықтары төтенше жағдай тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі штаб шешімімен 11 мамырда іске қосылуы жоспарланған.
Алайда вирустың таралу қаупі, қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығына алаңдаушылықтың сақталуына байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібін өзгерту туралы шешім қабылданды.
Өзгерістер ХҚО-да көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін, оларды ұсыну форматын да қамтиды.
– Енді қызылордалықтар ХҚО-да электронды форматта қолжетімсіз, тек «қағаз» жүзінде көрсетілетін қызметтер мен egov.kz арқылы рәсімделген өтініштердің нәтижесін ала алады.
– ХҚО-ға бару үшін 1414 байланыс орталығы немесе egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы кезек уақытын алдын ала брондау қажет болады.
Бұл азаматтардың ХҚО-да көптеп жиналуын болдырмайды және вирусты жұқтыру қаупін жояды, осы ретте қызмет алушылар да өз уақытын үнемдейді. Алдын ала брондаусыз еш қызмет көрсетілмейді.
Азаматтар электронды форматқа аударылған және egov.kz порталында қолжетімді барлық мемлекеттік қызметтің 80%-тен астамын тек өздігінен немесе бұрынғыдай ХҚО ғимараттарында емес, әкімдіктер жанындағы кеңселерде, оқу орындарында, медициналық ұйымдарда және т.б. жерде орналастырылатын өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында ала алады.
Онлайн қызметтерді жылдам әрі ыңғайлы алу үшін азаматтар 1414 нөміріне хабарласа алады, онда ХҚО операторлары кеңес беретін болады.
12 мамыр 2020 ж. 945 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 182

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 168

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 161

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 172

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930