Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім саласында ілгерілеу бар

Білім саласында ілгерілеу бар

Өткен аптада Қазалы аудандық білім бөлімінің бас маманы Қуанышбек Ерімбетов аудан әкімдігіндей баспасөз алаңында брифинг өткізді.
Онда Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында көрсетілген міндеттер, қашықтан оқыту ісін ұйымдастыру мен «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасы аясында білім беру нысандарына жүргізілген күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары туралы сөз қозғалды.
Биыл жаңа оқу жылының бірінші оқу тоқсанында елдегі барлық білім беру ұйымдарының қашықтан оқытуға көшкені белгілі. Соған сәйкес 2020-2021 жаңа оқу жылында аудан бойынша 16119 оқушы білім алуда. Ал соның ішінде бірінші сыныпқа 1835 бала қабылданып үлгерген.
Бас маманның айтуынша, білім алушылардың ата-аналары арнайы өтініш беріп, соның негізінде 25 мектепте күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, бастауыштың 1-4 сыныптарынан 156 кезекші топ құрылған. Бүгінде 2033 бала мектеп қабырғасында оқып жатыр.
– Айта кету керек, аудандағы білім беру ұйымдарында білім алатын оқушылардың қашықтан оқыту үшін қажетті электронды құрылғылары мен олардың интернет желісіне қосылу мүмкіндігіне байланысты мониторинг жүргізілген. Қуантарлығы, үй жағдайында қашықтан оқытуға қосылу үшін ерекше білім беруді қажет ететін және аз қамтылған отбасы балаларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен сатып алынған 487 дана планшет пен «Цифрлық портфельге» сай келетін теңгерімдегі 2313 дана компьютер мен ноутбуктер қайтарымды негізде таратылған.
Сондай-ақ «Мектепке жол акциясы» аясында демеушілік есебінен аз қамтылған оқытуға қажетті 253 дана қайтарымсыз роутер модемдерімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді, – деді Қуанышбек Ерімбетов.
«Педагог мәртебесі» туралы заң аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдердің жалақысын алдағы төрт жылда екі есеге өсіруді айтқан болатын. Міне, соған сәйкес биыл қаңтар айынан бастап барлық ұстаздардың еңбекақысы 25 процентке өсті. Бұл 2021 жылы қаңтар айынан бастап өз жалғасын таба береді.
Сонымен қатар биыл кыркүйек айынан бастап сынып жетекшілігі және дәптер тексергені үшін төленетін қосымша ақы екі есеге ұлғайтылды. Мұнан бөлек ауданда магистр дәрежесі үшін 50 мұғалімге қосымша ақы төленуде.
Жас педагогтарға әдістемелік қолдау көрсету мақсатында тәлімгерлік институты енгізілді. Бұл үшін тәжірибелі мұғалімдерге ай сайын 17 мың теңге көлімінде үстемеақы қаралған. Аудан бойынша 43 педагог қызмет атқарып, тиісті қаржы алуда.
Ауданда біліктілік санатын растаған педагог-зерттеуші – 382, педагог сарапшы – 672 және педагог-модератор – 374 мұғалімге жалақы мөлшерінің 30 проценттен 50 процентке дейінгі үстемеақысы төленеді.
Биыл мемлекеттік бағдарлама аясында тоғыз білім ошағы жөндеуден өткен болатын. Атап айтсақ, №226 мектеп гимназия және №165 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, №17, №70, №88, №96, №100, №190 мектеп және «Шағала» лагеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланып, қажетті қаржы бөлінді.
Қазірде мұның жетеуінде жұмыстар толық аяқталып, жаңа оқу жылында кезекші топтар мектепте білім нәрімен сусындауда. Ал қалған №226 мектеп гимназия мен «Шағала» лагеріндегі межеленген іс қазан айында аяқталады.
Бұл білім ошағында сауатын жетілдіретін балалар үшін қолайлы жағдай жасалып, тиісті жұмыстардың жоғары деңгейде жүріп жатқандығын айқындайды.

Абзал ЖОЛТЕРЕК
17 қазан 2020 ж. 573 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031