Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар сайты іске қосылды

Жастар сайты іске қосылды

12 тамыз – халықаралық жастар күніне орай Қызылорда облыстық «Жастар ресурстық орталығында» жаңа SYRJASTARY.COM сайтының тұсаукесері өтті. Мұнда өңір жастарына қатысты күнделікті ақпараттар жарияланады. Сайтта көшбасшылар жайлы тың мәліметтер, қажетті кітап қорларының электронды нұсқасы да қамтылады, - деп хабарлайды Egemen.kz

Атаулы күнге орай орталықтағы ІТ парк базасында да ерекше шара ұйымдастырылды. Тұрғындар істен шыққан компьютерлерін ІТ паркке әкеліп, мамандар оның ішіндегі қажетті бөлшектерді пайдалана отырып, жаңа компьютер жасақтайды. Олар жаңа оқу жылына орай мұқтаж отбасы балаларына табысталатын болады.
Бұдан бөлек, орталықтағы IT кітапхана оқу орталығына айналды. Мұнда тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі балалар білімін жетілдіре алады. Оған қосымша арнайы волонтерлер, ерікті мұғалімдер тартылады. IT кітапханада бар жағдай қарастырылған, интернет желісі қолжетімді.
Пробация есебіндегі тұрған жастар да ұмыт қалмайды. Бұл үшін пробация қызметімен бірлескен жоба іске асырылады. Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» директоры Бауыржан Мастеков пен облыс бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының міндетін атқарушы, әділет полковнигі Мұрат Нәкеноа екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісім негізінде жастарға психологиялық кеңес беріліп, қателікті қайталамауына күш салынады.

13 тамыз 2020 ж. 1 311 0

Тағдыр тудырған туынды

11 мамыр 2025 ж. 38

Тілегіміз – бейбіт күн

10 мамыр 2025 ж. 63

Ардагерлер ардақталды

10 мамыр 2025 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031