Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Қызылордада жастар ресурстық орталығы ашылды

Қызылордада жастар ресурстық орталығы ашылды

Қызылордада жастар орталығы ашылды. Орталық Сырдарияның жаңа аумағы - дарияның сол жағалауында бой көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш салтанатты шараға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты. Облыс басшысы жергілікті жастарды заманауи ресурстық орталықтың ашылуымен құттықтады. «Аға ұрпақтың ізгі ісі - жастарға жағдай жасау. Биылдың өзінде аймақта мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға 500 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы  Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында биылғы жылды Жастар жылы деп жариялағаны белгілі. Осыған орай қосымша қаралған 70 млн теңге қаржыға жаңа бастамалар бірінші кезекте қолдау тапты», - деді аймақ басшысы.
Айта кетейік, аймақ басшысының тапсырмасымен ресурстық орталық тәулік бойы жұмыс істейді. Жастар орталығы ғимараты бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі негізінде «ҚазГермұнай» біріккен кәсіпорны» ЖШС демеушілік қолдауымен пайдалануға беріліп отыр. Жастар орталығында IT-park, антикафе, интернет, кітапхана, жаттығу залы қарастырылған және тәулік бойы жұмыс істейтін болады. Соңғы бес жылда Сыр өңірінде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі тұрақты төмендеді. Экономикалық белсенді жастардың саны артты. Қазіргі таңда 510 түлек Ресей үкіметінің грантымен Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларындағы инженерлік жоғарғы оқу орындарында білім алуда. Ал 900-ге жуық дарынды ауыл балалары облыс әкімінің арнайы грантымен республиканың жоғары оқу орындарында аймаққа қажетті мамандықтарды игеруде. 

07 мамыр 2019 ж. 311 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930