Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еріктілер көмек көрсетті

Еріктілер көмек көрсетті

Сәрсенбіде ақ халатты абзал жандардың бүгінгі індет кезіндегі жанкешті қызметтерін жеңілдету мақсатында қолдау шарасы жасалды. Оны “Nur Otan” партиясы Қазалы аудандық филиалы жанындағы “Jas Otan” Жастар қанаты аудандық мәслихат депутаттары қолдауымен ұйымдастырды.
Жасотандық еріктілер аудандағы жұқпалы аурулар аруханасында күндіз-түні дамылсыз ауыр халдегі науқастар өмірі үшін күресіп жүрген дәрігерлер қауымына ерекше ықылас білдірді. Еріктілер халық қалаулыларының демеушілігімен ағзаға пайдалы жеміс-жидектер, таза ауыз сулар мен медициналық бетперделер жеткізіп берді. Қиын-қыстау сәтте адам жанына араша болғандар айрықша көңіл бөлген жастарға алғыс айтып, елдің амандығын тіледі.
Осылайша жаппай індет кезінде еріктілер елге көмек көрсету арқылы басқаларға үлгі болуда. Осындай қайырымдылықтың бәрін ізгі іс санайтын жастар алдағы уақытта да қол ұшын созуды тоқтатпақ емес. Оларға алғыс айтып, батасын берген жандардың да қатары көп. Біреуге қол ұшын беріп, қолдау көрсету, көмек қолын созу – жүрек қалауы дейтін жастардың жарқын ісі жалғаса түссе нұр үстіне, нұр дер едік.
А.ЖОЛЖАҚСЫ
18 шілде 2020 ж. 728 0

Жас өрендер жетістігі

17 наурыз 2026 ж. 32

Амал – айтулы мереке

17 наурыз 2026 ж. 26

Тәттіден қауіп келмесін

17 наурыз 2026 ж. 39

Өнегелі өмір иесі

17 наурыз 2026 ж. 40

Наурыз келді, құт келді

17 наурыз 2026 ж. 41

Маңызды ақпарат

16 наурыз 2026 ж. 107

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031