Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауылға ауызсу барады

Ауылға ауызсу барады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде сөйлеген сөзінде еліміздегі 7,5 миллион ауыл тұрғынының әл-ауқатын жақсарту мақсатында перспективалы ауылдарды іріктеп, әлеуметтік саланы дамытуды, тұрғын үйлер мен жолдар салып, коммуникациялар жүргізуді қарастыратын «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыруды тапсырған болатын. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 15 қазанда өткен алқалы жиында осы мәселе бойынша нақты жұмысты ұйымдастыру керектігін атап өтті.
Осы орайда Қазалы ауданында да ілкімді істер жүзеге асырылуда. Жобаның жемісін көретін ауылдардың қатарында – аудан орталығынан батысқа қарай 44 шақырымдай жерде, Сырдария өзенінің сол жағасында орналасқан Бекарыстан би ауылы да бар.
Ауылдың іргесі 1932 жылы қаланған. Сол жылы «Үлгі бол», «Жаңа еңбек» серіктестіктері құрылды. 1933 жылы олар бірігіп, «Жаңатұрмыс» ұжымшары аталды. 1939-1961 жылдар аралығында «Октябрь», 1961 жылы Карл Маркс атындағы ұжымшардың орталығы болған. 1994 жылы ауылдың атауы өзгертіліп, Сыр бойының белгілі биі әрі батыры Бекарыстан Амалдықұлының есімі берілді.
Бекарыстан Амалдықұлы – Әлім тайпасының Шекті руынан шыққан би. Ел арасында сақталған аңыз-әңгімелерге қарағанда Жанқожа батыр жорыққа аттанар алдында Бекарыстанға барып, сәлем беріп, ақылдасып отырған. Абылай ханның ұлы Жанғазы сұлтанды бір ауыз сөзбен тоқтатқан шешендігі, түрікмен барымташыларын садақтың жалғыз оғымен сескендірген айбары туралы ел арасында «Бірауыз сөзбен ханды қайырған, жалғыз оқпен жауды қайырған жайсаңым-ай!» деген қанатты сөз де сақталған.
Бекарыстан Амалдықұлы Қоқан, Хиуа бекеттерінің озбырлығына қарсы шыққан, жарлы-жақыбайларды үнемі қамқорлыққа алып, күрделі қиын мәселелерді байыппен туралықпен шешіп отырған. Ел ішінде би атанып, халықына сыйлы болған кісі. Осындай тау тұлғаның есімімен аталатын ауылда 456 түтін бар, халық саны – 2848.
«Ауыл – ел бесігі» жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту. Жоба аясында Бекарыстан би тіректі елді мекенінде 15 жоба іске аспақ. Басты қуанышты жаңалық – енді ауыл халқы ­ауызсуды қолмен тасып, әуре болмайды. Өйткені әрбір үй ауызсу сервистік жүйесіне қосылады. Сонымен қатар Кеңес Одағының батыры Үрмәш Түктібаев атымен аталатын білім ордасы күрделі жөндеуден өтеді. М.Ізмағамбетов, Ғ.Мұратбав, С.Сейфуллин, Қ.Сариев, А.Нұрпейісов, А.Тілеубаев, З.Қалиева, Қ.Мәкенов көшелеріне жарықшамдар орнатылып, М.Ізмағамбетов, Ғ.Мұратбав, С.Сейфуллин, Ү.Түктібаев, А.Нұрпейісов, З.Қалиева, Қ.Мәкенов көшелеріне орташа жөндеу жүргізіледі. Бірлігі мен тірлігі жарасқан тұрғындар игілікті іске дән риза.
– Ауыл – атақоныс, туған жеріміз. Одан ешқайда кеткіміз келмейді. Біздің ауыл жасыл желегімен, адамдардың ынтымағымен көрікті. Көптен бері ауыз су мәселесі алаңдатып жүрген еді. Міне ол да шешімін таппақ. Көшелерде жөндеуден өтеді дегенді естіп қуанып қалдық. Енді сол күнді асыға күтудеміз, – дейді ауыл тұрғындары.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
06 мамыр 2020 ж. 862 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 70

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930