Елбасы қолтаңбасы ерекше құрмет
Тұңғыш Президент күні – 2011 жылдың 10 желтоқсанында Парламент Сенатының толық
отырысында қол қойылып, бүкіл елден қолдау тапқан мереке. Мемлекеттік деңгейде аталып
өтілетін мейрамның маңызы ерекше, тарихы тереңде.
1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстанда Президент сайлауы өтті. Бүкілхалықтық сайлауда дауыс берушілердің 98,7 процентіне ие болып, бірауыздан Нұрсұлтан Назарбаев ел Президенті атанды.
Бүгінде Тұңғыш Президент күні жыл сайын аталып келеді. Осы орайда барлық мекеме-ұйымдарда даталы күннің мән-маңызын айшықтайтын түрлі іс-шаралар өткізіледі. Біз арнайы барған Қазалы қаласындағы Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейі ұжымы да бұл мерекеге қызу дайындық үстінде. Олар қараша айының бел ортасынан бастап, «Елдіктің кепілі – Елбасы» тақырыбындағы көрмені көпшіліктің назарына ұсынуда. Онда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны, ол туралы жазылған кітаптар мен ел үшін маңызды шешім қабылданған сәттер фотосуреттер арқылы бейнеленген.
Бұл музейде 1986 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қонақта болып, пікір кітабына өз қолтаңбасын қалдырған. Бұндағы құнды жәдігерлер қатарынан орын алған бұл қолтаңба кітабында Тұңғыш Президенттің жүрекжарды лебізі жазылған.
– Музейде көптеген елге белгілі жандар, қоғам қайраткерлері, танымал тұлғалар, тағы басқа азаматтар қонақта болды. Елбасының бізге келуі – үлкен мақтаныш, зор құрмет.
Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті. Отыз жылға жуық ел басқарған тарихи тұлға Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы, КОКП мүшесі, КОКП ОК мүшесі, КОКП Орталық бақылау комиссиясының мүшесі, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы, Солтүстік Қазақстан облысының КСРО Жоғарғы Кеңесінің 10-11-шақырылымының мүшесі, КСРО халық депутаты, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. 1989 жылдың 22 маусымынан бастап Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы лауазымына тағайындалған. «Ұлт көшбасшысы» ресми атауының иесі.
Халықты қашанда білікті басшы шыңға шығарады. Қазақстанның биікке өрлеп, бүкіл әлем мойындаған мемлекет болуы жолында аянбаған Елбасының еңбегі ерен. Бұл мереке арқылы жас ұрпақ Тәуелсіз Қазақстанның тарихын танып, оның ел болып қалыптасу жолында қандай тұлғаның аянбай еңбек еткенін жадында сақтап, Отанға деген сүйіспеншілігін нығайтады, – деді көрмені таныстырған музей директоры Роза Асанова.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА