Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан жастары – аймақтық байқауда

Аудан жастары – аймақтық байқауда

Сейсенбіде облыстық жастар ресурстық орталығында қазалылық жастар қолөнер бұйымдарын көрмеге қойды. Мұнда 7 жас кәсіпкер қолдан жасалған өз туындыларын ұсынды.
Жиналғандарға аудан көлеміндегі мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы, жетістіктері мен мүмкіндіктері туралы бейне материал көрсетілді.
Сондай-ақ «Ажырасу проблеманың шешімі ме?» тақырыбында «Ашық алаң» ток шоуы өткізілді. Пікір-сайыс алаңында белең алып бара жатқан отбасы даулары, некені сақтап қалу, кешірімшілдік, әдеп пен иба турасында пікрілесті. Осы орайда екі жақты сотқа дейін жеткізбей ымыраға келтіруде медиаторлар кеңесінің маңыздылығы атап өтілді.
Шараға облыстық жастар ресурстық орталығының психологы Жамал Берекетова, теолог Жеңісбек Дәрібаев, Қызылорда облысы бойынша заң консультанттары палатасының төрағасы Дәулет Ізбасарұлы және аудандық әйелдер кеңесінің мүшесі Жанат Ержігітова бұл жағдайдың көбею себебі шыдамсыздық, албырттық, сенім мен кешірімділіктің жоқтығы екенін айтты.
"Сұқбат times” бағдарламасында аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Сыр елі – жыр елінің жыршысы Марат Сүгірбай қонақта болды. Ол жастарға жыраулық дәстүрінің маңызын, қоғамдағы орны мен рөлін ұғындырды. Жыр-терме тыңдау дәстүріне бағыттау, оң көзқарас қалыптастырар әңгіме өрбітіп, сауалдарға жауап берді.
Сондай-ақ Қазалы ауданы жастары күнінің қорытынды концерті өтті. «Қорқыт сазы» фольклорлық халықтық ансамблінің өнерін тамашалаған көпшілік күй-терме, ұлттық әндермен қатар, эстрадалық шығармалар тыңдады.
Басқосуда Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Қуантқанұлы аудандар арасында өткізіліп жатқан байқауда көшті бастап келіп жатқан Қазалы ауданы жастарына алғысын білдірді.
Айнұр ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ

09 қараша 2019 ж. 1 240 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031