Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көпір құрылысы аяқталды

Көпір құрылысы аяқталды

Ауданға қарасты Бекарыстан би мен Қожабақы ауылын ¬байланыстыратын көпірдің құрылысы аяқталды. Көптің көкейінде жүрген іс оңтайлы шешімін тапқанына тұрғындар дән риза.
Қожабақы-Бекарыстан би аудандық маңыздағы автомобиль жолының 25 шақырымындағы темірбетон көпірін қайта жаңғырту жұмыстары өткен жылы басталған еді. Алдымен ескі көпір бұзылып, айналма жол салынды. 2019 жылы көпірдің астыңғы қабаты дайындалып, 2,5 метрге дейін тығыздай отырғызылып, малта тас (ГПС) қоспасы салынды. 10 сантиметр биіктікте бетон құйылып, 8 дана стакан типтес бетон орнатылды. Колонна салу және оларды байланыстыру, канал жиегін плиталармен көмкеру жұмыстары да ойдағыдай аяқталды. Құрылысты «Жылу-ХХІ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылысшылары жүргізді.
Жөндеу жұмыстарының аяқталуын асыға күткен тұрғындар: «Бозарық каналы қазылып, көпір салынғалы бері жолаушылар қатынасы үзілген емес. Бірнеше жылдың жүзі өткен соң, ескіріп тұр еді. Тегістеліп, жаңарып қалды», – дейді қуанышты кейіппен.
Ұлболсын ЕРБОЛҚЫЗЫ
09 қараша 2019 ж. 941 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031