Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Социалистік Еңбек Ері Дүйсенбай Мақановтың 110 жылдығы аталды

Социалистік Еңбек Ері Дүйсенбай Мақановтың 110 жылдығы аталды

Қазалы ауданындағы Ақсуат ауылында «Ауылым алтын бесігім» атты салтанатты шара өтті. Бұл күні осы ауылдан түлеп ұшқан азаматтар туған жеріне оралып, ұлан асыр той жасады.

Аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Жарылқап орталық саябаққа жиналған ауыл тұрғындарын Құрбан Айт мерекесімен құттықтап, ақсуаттықтардың ауызбіршілігі көпке үлгі болатынын атап өтті.

– Бүгін біз Сіздермен бірге қасиетті Құрбан айт мерекесінде Ақсуат ауылында «Ауылым – алтын бесігім» атты мерекелік кештің куәсі болып отырмыз. Әрине, мұндай салтанатты шараны ұйымдастыра білу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Тек берекесі тасып, ынтымағы артқан, жастары жалындап тұрған ауылдар ғана қолға алып, абыроймен өткізе алады.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің бойында орналасқан Ақсуат ауылы – қасиетті Қазалы жеріндегі ең көрікті мекендердің бірі. Өткен жылы ғана бұл ауылда орталық саябақ пайдалануға берілсе, биыл 90 орындық балабақшаның құрылысы басталып жатыр. Сондай-ақ, 150 орындық ауылдық клубтың жоба-сметалық құжаттары дайындалып, қаржыландыруға ұсынылды. Амандық болса клубтың құрылысы басталатын күн де алыс емес. Тұрғындарға жақсы жағдай туғызу үшін жолдар да жөнделуде, – деген Бақытжан Дүзелбайұлы Социалистік Еңбек Ері Дүйсенбай Мақановтың ауылды гүлдендіруге қосқан үлесін тілге тиек етті.
Мұнан соң аудан өнерпаздары әннен шашу шашып, мың бұрала би биледі.

Ақсуаттықтар ауыл күні аясында Социалистік Еңбек Ері Дүйсенбай Мақановтың 110 жылдығын да атап өтті. Бұл бар өмірін ауылды гүлдендіруге, ауыл шаруашылық саласын дамытуға арнаған еңбек адамына деген құрметтің үлгісі болса керек.
Дүйсенбай Мақанов совхозды басқарған тұста ауыл Одақта алдыңғы қатарлы «Асыл тұқымды қой» шаруашылығы болды. Одақтың, республиканың ауылшаруашылық жетістіктер көрмесіне жиі қатысып, шаруашылық табысты, мәдениетті, пайдалы өнім беретін орталыққа айналды десек қателеспейміз.

Дүйсенбай ағамыз басшылық жасаған жылдары ауылда он жылдық мектеп, 200 балалық интернат, 70 орынды балабақшасы, сауда орталығы, қонақ үй, асхана, монша салынды. Шаруашылықтың табысы жыл санап арта берді. Төл алудағы және жібек жүнді қой өсірудегі табыстары үшін осы шаруашылықтың шопандары Республика Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Бір сөзбен айтқанда, ұжым даңқы республикаға жайылды.

Социалистік Еңбек Ері Дүйсенбай Мақановты еске алуға байланысты ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.
Оның ең негізгісі балуандар бәсекесі десек артық айтқандық. Бозкілемде белдескен балуандар арасындағы бәсекеде самбодан жастар арасындағы Азия чемпионы Абылайхан Жұбаназ жеңімпаз атанып, бағалы сыйлыққа ие болды.

Сондай-ақ, бұл күні ауылдағы «Ақмырза Ахун» мешітінде Социалистік Еңбек Ері Дүйсенбай Мақановқа құран оқытылып, №100 орта мектептеғылыми-танымдық конференция өтті.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
15 тамыз 2019 ж. 1 111 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 62

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930