Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтан батыр ауылына стадион салынып жатыр

Ақтан батыр ауылына стадион салынып жатыр

Бүгінде Ақтан батыр ауылын абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Өткен жылы облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға орталық алаң мен саябақ пайдалануға берілген.
Соның арқасында арбат бойындағы түнгі жарықшамдар самаладай жарқырап тұр. Бүкілхалықтық серуендеуге ұсынылған саябақ ішінде орындықтар, архитектуралық мүсіндер, темір күрке, сондай-ақ балаларға арналған ойын және спорт алаңқайы орналасқан. Мұнда ауыл балалары асыр салып ойнап, бос уақыттарын тиімді өткізуде.
Сонымен бірге ашық сахна алаңында ауыл тұрғындары мен қонақтар дарынды өнерпаздардың шығармашылығын тамашалап жүр. Осындай елді мекенді абаттандыру жұмыстары биыл да жалғасын тауып, ақтандықтар игілігіне 150 орындық стадион салынуда. Оның құрылысын «Сыр маржаны» ЖШС қолға алды.
Қазір серіктестік жұмысшылары белгіленген жерді тегістеу, топырақ үю сынды істерді аяқтады. Игілікті жаңалықты естіген ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Енді ауыл балалары бар жағдайы жасалған жасыл алаңда ойнайтын болады. Сонымен қатар стадионда жүгіру жолағы мен волейбол ойнайтын алаң да түседі деп күтілуде.
Айта кетейік, Ақтан батырдағы ауқымды құрылыс облыс көлеміндегі елді мекенде салынатын екінші стадион. Ауылдық жердегі алғашқы стадион бұған дейін Нағи Ілиясов ауылында пайдалануға берілген болатын.
Қазалы аудан әкімінің баспасөз қызметі
27 тамыз 2019 ж. 1 745 0

Бүгінгі валюта бағамы

18 қараша 2025 ж. 117

Хабарландыру

18 қараша 2025 ж. 117

Қараша – қыстың есігі

18 қараша 2025 ж. 104

Гүл өсіру де өнер

18 қараша 2025 ж. 113

Көгершіндер көрмесі

18 қараша 2025 ж. 109

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930