Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда жыл үздіктері марапатталды

Қазалыда жыл үздіктері марапатталды

Қазалы ауданында 2018 Жаңа жыл мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.

Мерекелік іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Б.Жарылқап қатысып, аудан тұрғындарын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ауданның 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық қорытындылары жөнінде баяндама жасады.
– 2018 жыл ауданымыз үшін шын мәнінде, бірлік пен берекенің, жаңа жетістіктер мен мүмкіндіктердің, халық қалаған, серпінді жобалардың орындалуымен аса құнды жыл болды. Ойда қалар оқиғаларымен, есте ұстар ерекшеліктерімен қымбат болды.
Қасиетті Қазалы елінде мұнан өзге де іргелі істер мен тындырымды тірліктер жетерлік. Әрине, бұл үлкен жетістіктерге ең алдымен жергілікті халықтың қажырлы еңбегі мен ел тыныштығын тілеген көптің шын ықыласы себепші болды деуге болады - деген аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Жарылқап келесі жылы ауданда тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту бағытында кешенді жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.
Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша үлес қосқан бірқатар азаматтарға «Қызылорда қаласына – 200 жыл» мерекелік медалін табыс етті. Сондай-ақ әр сала бойынша 10 азаматқа "Жыл үздігі" номинациясы берілді.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
29 желтоқсан 2018 ж. 892 0

Мектептегі мұражай

30 сәуір 2024 ж. 165

Туған өңір - тұнған өнер

29 сәуір 2024 ж. 110

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031