Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Батыр ауылында өткен спорт бәсекесі

Батыр ауылында өткен спорт бәсекесі

«Ауылым – алтын бесігім!». Халқымыздың жауға сілтер алдаспаны, қорғанар қалқаны болған Жанқожа Нұрмұхамедұлы бабамыз атындағы ауыл Қазалы ауданындағы ең көрікті мекен саналады. «Тіректі елді мекен» атағын иеленген іргелі ауылдың айшықты ажары, көрікті нысандар салынуы жағынан өзге өңірмен салыстырғанда шоқтығы биік. Оқтай түзу асфальт көшелер, жарқыраған түнгі жарық, жаз мезгілінде жайқалған жасыл желек, сапалы ауыз сумен қамтылуы, еңселі балабақша, әсем спорт кешені, мәдениет үйі, мектеп, жаңадан бой көтеріп жатқан мешіт, саябақ мұндағы ағайынның берекелі тірлігін аңғартады.
Өткен аптада спорт кешенінде тоспа доптан ауылдағы мекемелер арасында жарыс ұйымдастырылды. Мұндай әсем де талапқа сай ғимарат кейбір аудан орталықтарында да кездесе бермейді. Спорт кешенінің меңгерушісі, кезінде еркін күрестен талай мәрте додалы бәсекеде топ жарған, танымал спортшы Ғанибек Рзабай жаңа ғимаратта алғашқы шарасын өткізді. Ғанибектің ұжымы білікті бапкерлерден жасақталған екен. Спорт кешенінде бастарын құраған жұртшылық қасиетті жұма күні өткен осынау жарысқа жеті команда қатысуын жақсылықтың жоралғысына балаған. Бір байқағанымыз, батыр атамыздың есімін иеленген ауылда спортқа бүйрегі бұратын жандар баршылық екен. Бір команданың басы – қасында жүрген елу жасты орталаған Жетібай Қарасаев алаңда өткен доп тартысында ептілігімен спортпен айналысуға жас ерекшелігі кедергі келтірмейтінін дәлелдеді.
Сайысқа қатысушылар алдында Арықбалық ауылдық округі әкімі Сапарбек Қуатов, №17 Қазалы ауданының олимпадиалық спорт мектебінің директоры Қуанған Бәкен, «Сарқұл қожа» мешітінің имамы Мұратбек Бәлкеев, еңбек ардагерлері Мнаж Хайруллаев, Қожас Медеубаев, белгілі кәсіпкер Қонысбай Ниетәлиев тілектерін білдіріп, ауыл ақсақалы Айжарық Жұмағалиев бәте берді.
Мұнан соң байрақты бәсеке басталды. Бірнеше сағатқа созылған жарыс көрермендерін еш жалықтырған емес.Біз болсақ, Елбасының бұқаралық спортты дамытуға берген тапсырмасының көпшілік тарапынан қызу қолдау тауып жатқанына куә болдық. Жарыс болған соң жеңімпаздар да анықталатыны анық. Бұл жарыста ауылдағы спорт кешенінің командасы жеңімпаз атанды. Ал екінші, үшінші орындарды № 94 мектеп, ауыл жастары командалары иеленді. Жеңімпаздар арнайы диплом, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Спорт кешенінің меңгерушісі Ғанибек Рзабай жарыс соңында ұжымда өткен алғашқы шарасы аясында мал шалып, аруақтарға құран бағыштатты. Осынау тағлымды қадам «ешкім де, ешнәрсе де ұмтылмайды» деген қанатты қағиданы жадымызға оралтты.
Жұмабек Табынбаев,
Жанқожа батыр ауылы
29 қазан 2018 ж. 1 723 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930