Қазалы ауданы әкімі қорытынды есеп берді
Аудан басшысы өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын саралап, алдағы міндеттерді де жеткізді. М.Ергешбаев мәлімдегендей, 2018 жылдың басында аудан бюджеті 14 млрд. теңге болып бекітілсе, жыл соңында 20 млрд. теңгеден асты. Жалпы, Қазалы ауданы бюджет көлемі бойынша облыста Қызылорда қаласынан кейінгі орында.
«Былтыр Ақтан батыр, Пірімов, Ақсуат ауылдарына орталық саябақтар салынды. Абаттандыру жұмыстары биыл да жалғасады. Бозкөл, Шәкен, Бірлік, Сарбұлақ елді мекендерін абаттандыруға аудандық бюджеттен 71 млн. теңге бөлген.
Қазалы қаласына газ апару үшін тиісті қаржы бөлініп, /«ЮгГазПроект» ЖШС/ жоба-сметалық құжаттары әзірленуде.
Сонымен қатар, демеушілік есебінен Ғ.Мұратбаев ауылына көгілдір отын жеткізу жұмыстарының жоба-сметалық құжаттарын әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Бұны мемлекеттік - жекешелік әріптестік негізінде іске асыру үшін келісім жүргізіліп жатыр. Әйтеке би кентінде қалып қойған тұрғын үйлерді толықтай газ желісімен қамту үшін аудандық бюджеттен 12,0 млн. теңге бөлініп, жоба әзірленді. Қаржыландыруға ұсындық. Жобаның жалпы құны 155 млн. теңге" – дейді аудан басшысы Мұрат Нәлхожаұлы өз баяндамасында.
Жиын барысында облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы Имандосов Самұрат аудан әкімі М. Ергешбаевтың есебіне өзінің оң бағасын беріп, «Рза» АҚ тауарлы сүт фермасының 2-ші кезеңі іске асырудың инфрақұрылымы туралы өзінің ұсынысын білдірді. Сондай-ақ Еңбек ардагері Рыстығұл Ботабай жол мәселесі туралы өз сұрағыа жауап алды. Жас кәсіпкер Бірлік ауылының тұрғыны Құтжанова Гулсая: «Өзім өткен жылы Бірлік ауылынан «Попкорн өнімдерін шығаратын шағын цех ашып, жұмысымды бастаған едім. Осы жобам бойынша биыл мемлекеттік қайтарымсыз грант алу конкурсына қайта қатыса аламын ба?» деп сауал тастады. Оған аудан басшысы: «Әрине 2019 жылы өткізілетін конкурсқа қатысуға мүмкіндігіңіз бар. Себебі, бұл жобаңыз инновациялық жоба болып табылады. Сондықтан алдағы өткізілетін конкурсқа қатысуыңызға сәттілік тілеймін» - деп жауап берді.
Жылдық есепті тыңдаған аудан тұрғындары жақсы лебіздерін білдіріп, аудан әкімінің алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі