Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сәбден қалай Саққұлақ шешен атанды?

Сәбден қалай Саққұлақ шешен атанды?

Арқаның ділмәр шешені – Саққұлақтың шын аты Сәбден екен. Оның атақонысы – Ерейментаудағы Қоржынкөл жағасындағы ауыл. Саққұлақтың әкесі Бапан би болған. Бапан – Бөгенбай батырдың Тұраналы баласынан көрген тұңғыш немересі. Саққұлақтың мәйіті оның Нұра шонжарларының қастандығынан өлген Нұралы деген аяулы баласына салынған зират ішінде жатыр.
1816 – Тышқан жылы мұздақ болып, Ұлытау елінің көп жылқысы жоғалып, сол жылқыны даулап Қанжығалы еліне 80 жастағы Байдалы би мен 90 жастағы Байбөрі би келеді. Байдалы би термелей сөйлеп, тиісіп, сұрақтар қойғанда, Бапан би сөзден тосылыңқырап қалған көрінеді. Сонда жиналған топ ішінде отырған Бапанның Сәбден атты 16 жасар баласы Байдалының алдына келіп жүгініпті де:
– Би ата, дат, – депті
Мұны көрген Байдалы:
– У-ау, Қанжығалының үлкені тұрып, баласының сөйлегені қалай? – дейді.
– Оның несі сөкет, би?
Ата тұрып ұл сөйлесе,
Ұлдың ержеткені.
Ана тұрып қыз сөйлесе,
Қыздың бойжеткені.
Өсетін жасты
Өлетін кәрі бетке соқса,
Бұл заманның кер кеткені.
Келген бетте сызылдың:
Жоғалғанды даумен қуам деп,
Көзіңмен сонша сүзілдің.
Ағайындыққа сия ма,
Неге бүгін бұзылдың?
Ата-анасыз біз дейсің бе
Алаулап соққан қызылдың?
Мен сөзімнен жаңылсам,
Жөнімді үлкенім түзейді.
Сіз сөзіңізден жаңылсаңыз,
Жөніңді кім түзейді?
Алтайдан Дақ келіп,
Осынша сөйлегендей
Нағашың – Қанжығалы ұрың ба? – дегенде Байдалы би балаға таңырқап қарап тұрып:
– Япыр-ай!
Көп ішінде сөйлеген жас бала,
Даугерің, рас Дақ екен.
Құлағың неткен сақ еді?
Сипатыңа қарасам:
Қара лашын тұйғынсың,
Асылыңа көз салсам,
Сөйлер сөзге келгенде
Бәйгі атындай сырғисың.
Жайнаған шоқтай,
Өткір шоттай,
Көзіме жылы ұшырадың,
Шыныңды айтшы қай ұлсың? – депті. Сонда бозбала Сәбден тоқталмастан ата-анасын таныстыра келіп: «Сіздің боранда ығып, опқа құлап, жарға жығылған жылқыларыңызда нағашыларыңыздың кінәсі жоқ, жиен ата», – дейді.
Сөзге тоқтаған Байдалы би:
– Ай, қарағым, мен тозған екенмін, сен озған екенсің. Мен өзіңмен келістім. Маған тоқтасаң, дау аяқсыз қалсын, даугер атына қонсын! – дейді де, Байдалы би серігімен бірге орнынан тұрып, атына мініп, еліне беттеп жүре беріпті.
Осы кездесудегі Байдалының «Құлағың неткен сақ еді» деуінен жас Сәбден Саққұлақ шешен деген лақап атқа ие болады.

Дайындаған
С.БАХИҰЛЫ
15 маусым 2019 ж. 4 209 1

Valencia от 7 маусым 2025 23:34
Really tons of excellent material. casino en ligne France Awesome material, Thanks! casino en ligne France Kudos! Lots of material. casino en ligne fiable Thanks! An abundance of stuff. casino en ligne Thanks! Numerous write ups! casino en ligne Thank you, Valuable stuff! meilleur casino en ligne Beneficial tips Thanks! meilleur casino en ligne Incredible a good deal of superb material! casino en ligne Wow quite a lot of amazing knowledge! casino en ligne Thanks a lot. Terrific stuff! casino en ligne francais

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031