“Шайтан арба” шындығы
Қазекең велосипедке тек баланың ойыншығы ретінде қарайтыны рас. Себебі үйдегі кішкентай ес жиғаннан-ақ оның қуанышы үшін сыйға тартады. Дегенмен өзге елдердің бұл көлік түріне деген көзқарасы мүлдем бөлек. Өйткені еуропалықтар велосипедті жай серуендеуге ғана емес, кәдесіне жаратып, денінің саулығы үшін де мінетін көрінеді. Сондықтан қазақ «шайтан арба» атап кеткен осы көлік туралы сөз қозғамақпыз.
Жалпы велосипед адам күшімен қозғалатын көлік түрі. Оның нақты қай ғасырда пайда болғаны белгісіз. Бізге мәлімі 1817 жылы әйгілі өнертапқыш Карл фон Дрезге жылдам жүретін машина жасау туралы ой келеді. Оның алғашқысы екі үлкен доңғалақ отырғышпен жалғасатын, ал көліктің рөлі жоқ болған екен. Велосипедші доңғалақтардан шығып тұрған екі таяқтан ұстап отыратын көрінеді. Тіпті педалі де жоқ. Сондықтан адам аяғымен жерді итеріп отырады. Бастапқы да бұлай жүру сырт көзге күлкілі әрі қызық болғандықтан тұрғындар өнертапқышты мазақ етіп, ішек-сілесі қатқанша күлетін. Алайда біршама уақыттан кейін тұрғындар арасынан дәл осындай көлік мінгісі келетіндер табыла бастаған. Осылайша оның негізгі атауы өнертапқыштың құрметіне «Дрезина» деп аталған екен. Артынша халыққа бірден танылып, тіпті Париж бен Лондонда үлкен табысқа ие болады. Кейін Карл фон Дрез қайтыс болып, оның жаңалығы мүлдем ұмытылады. Басты себеп – көліктің толық жетілмегендігінен болатын.
Негізі велосипедті бір деректерде 1869 жылы пайда болған дейді. Ал кейбірінде 1839 жылды көрсетеді. Бірақ оған нақты велосипед деген атау берген Пьер Мишо болса, 1863 жылы Парижде 19 жасар Пьер Лалман қазіргі велосипедке ұқсайтын ең алғаш көлік құралын жасап, 1866 жылдың қараша айында Америкаға барып, өзі жасап шығарған велосипедке патент алған. Бүгіндері осы бір көліктің әлем елдерінде алатын орны ерекше.
«Шайтан арбаны» шыр көбелек айналдыратындар көшін Финляндия бастап тұр. Бұл елдің жазы қысқа, қысы ұзақ болады. Осыған қарамастан олар жыл сайын елдегі велосипед санын арттырып келеді. Тіпті оған арнайы жол салу үшін қомақты қаржы бөлетін көрінеді. Сондай-ақ елге ат басын бұрған жиһанкездерге велосипед ұсынады. Оған көрішілес орналасқан Норвегия да осы саясатты мықтап ұстанған. Одан кейінгі орында Чехия, Дания, Германия, Бельгия тұр. Мәселен, Данияда бір адам жылына велосипедпен 853 шақырым жолды артқа тастайды екен. Сонымен қатар Азияның Үндістан, Малайзия, Қытай секілді мемлекеттерінде велосипед мініп жүргендерден көз сүрінеді. Ал қазақта велосипедтің алатын орны қандай? Неліктен оны «шайтан арба» деп атаған?
Шындығында қазақтар өздігінен жүретін техниканы жалпақ тілмен «шайтан арба» деп атап кеткен. Одан өзге айтарлықтай мағынасы да жоқ. Осы көзқарас әлі күнге дейін елде сейілмей тұр. Әрине бүгінде барлығы оны «шайтан арба» деп атамайтыны белгілі. Бірақ бұл атауды нақты кім қойғаны, тіпті оның біздің даламызға қашан келгені де беймәлім.
Аталмыш көліктің адам денсаулығы үшін берер пайдасы зор. Ол алдымен аяқ бұлшық еттерін нығайтып, ағзаның қалыпты жұмыс жасауына мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар қан айналымының дұрыс жүруіне оң әсерін тигізеді екен. Осындай көптеген игі ықпалы болса да, біздің елімізде «шайтан арба» шаңын шығарып жүргендер некен-саяқ. Мүлдем жоқ деп айта алмаймыз. Дегенмен денсаулыққа деген пайдасын көру үшін мініп жүргендер саны аз. Тек кейбіреулер күнделікті жұмысқа жай ғана барып-қайту үшін мінеді. Оған кешкілік арнайы уақыт бөліп, жаттығу жасап, серуен құрып жүргендерді көру қиын. Тіпті Қазақстан жолдарында онымен жүру қауіпті. Жолдың барлығы тар. Қалай десек те велосипед көздеген жерге жету үшін таптырмас көлік. Жанармайды да қажет етпейді, әрі денсаулыққа пайдалы. Түптеп келгенде дені сау ұрпақ тәрбиелеуде велосипедке жіті назар аударсақ, ешқандай артық етпесі анық.

Абзал ЖОЛТЕРЕК